«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАЛАРҒА КӨМЕККЕ КЕЛДІ

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», демекші, жуырда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері тағы бір қайырымды іс тындырды. Белсенді ұлдар облыс орталығындағы Аналар үйі маңындағы жиналып қалған қарды сыртқа шығарып, ауланы күл-қоқыстан тазартты. Қыздар жағы болса, жаңа туған сәбилерінен қолы босамайтын жас аналардың ыдыс-аяқтарын реттеп, едендерін жуып берді.

Колледж студенті Әлішер Сапар мен Алмас Баяғановтың жасы 16-да. Жасөспірімдердің еріктілер қатарында жүргеніне бір жылдан астам уақыт өтіпті. Тағдыр тауқыметін тартып жүрген аналар жайлы осыдан 2 ай бұрын естіген. Содан бері қолы босай қалса бірден аналар үйіне келіп, дүкеннен керек-жарақтарын алып, баспана маңын қардан тазалауды игі дәстүрге айналдырған. «Жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созуды міндетім деп санаймын. Аптасына бір рет өз еркіммен келіп, көмектесіп кетемін. Бұл жолы еріктілер болып өзіміз азын-аулақ ақша жинап, бір анаға сәбиіне қажетті киім-кешек алып бердік. Нәзік жан бізге алғыс айтып, ризашылығын білдірді», – дейді Алмас Баяғанов.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp