«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНАСЫ МЕН ҚЫЗЫ КӨЗ ЖҰМДЫ

Айыртау ауданындағы Саумалкөл ауылының маңында «Көкшетау – Рузаевка» автожолында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан анасы мен қызы көз жұмды.

«Mersedes-Bens» маркалы автокөлігін тізгіндеген Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны рөлге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. «ГАЗель» көлігімен соқтығысып, алты адам зардап шекті. 1980 жылғы ана мен 2010 жылы туған қыз Айыртау аудандық ауруханасына жеткізіліп, алған жарақатының кесірінен қаза тапты. Екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушыға ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне жіберілді.
Жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.

https://pkzsk.info
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp