Әлемнің жинап бойға бар асылын,
О, анашым, басымнан бақ асырдың.
Табаныңда жұмақтың кілті бар ғой,
Аяулы алақанға не жасырдың?!
Сізге деген қабыл ал тілегімді,
Күндей нұрлы көңілден гүл егілді.
Аяулы ана, жүзіңнен айналайын,
Мейірімге толтырған жүрегімді.
Пейіліңді орнаттың атар таңға,
Әкемізбен өмірде қатар самға.
Сізге деген қарызым өтелмейді,
Үш арқалап Меккеге апарсам да.
Мейірімділік сыйлайтын жанға тылсым,
Есіміңде ерекше мән жатыр шын.
Сізге жәннат тілеймін жаратқаннан,
Өмірдегі сен менің жәннатымсың.
Жарқанат ХИНАУХАН,
М.Қозыбаев атындағы
СҚМУ-дің студенті.