«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АНА МЕН БАЛА МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛДЫ

Облыс мектептерінде “Ана, менімен сөйлес!” атты ата-аналар конференциясы өтті. Петропавл қаласындағы №2 орта мектепте “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” акциясы аясында өткен шараны білім басқармасы, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы, “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

“Осы тақырыптың таңдалуы тегін емес, өйткені, көпшілік ата-ана уақытының басым бөлігін жұмыста өткізіп, баланың қарны тоқ болуы мен дұрыс киінуіне ғана назар аударады. Отбасындағы ахуалды, ең алдымен, ана қалыптастырады. Сондықтан аналар балаларымен әңгімелесуге әрдайым уақыт тауып, сәбиінің жан дүниесінде не болып жатқанына үңіле білулері керек. Баланың сәби күнінде тәрбиесінде жіберілген қателік өмір бойғы өкінішке әкелуі мүмкін”, – дейді Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанынан құрылған “Ана кеңесінің” төрайымы Күлімкөз Смайылова.  

Жиын барысында ата-аналар мен білім беру ұйымдарының арасында тығыз байланыс болуы қажеттігі айтылды. Аналарды өздерінің балаларына мейірімді болуға шақыратын тақырыптық бейнетүсірілімдер мен слайдтар көрсетіліп, ақыл-кеңестер берілді. Сондай-ақ, кездесуде білім беру жүйесіндегі өзгерістер, олардың баланың денсаулығына әсері, жағымсыз жайттардың алдын алу жолдары түсіндіріліп, қатысушылармен психологиялық ойындар мен тренингтер өткізілді.

Ләйла ЖАНЫСОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp