“Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының белсенділері “Ардагерлерді аялайық!” атты акция ұйымдастырды. Шара барысында өңір өрендері Петропавл қаласының тұрғындары, соғыс ардагерлері Валентина Устименко мен Августино Курилконың үйіне барып, оларды Ұлы Жеңістің жетпіс жылдығымен құттықтап, сый-сияпат жасады. Ардагерлер адамзатты күйреткен зұлмат заманның көріністерін көз алдарына әкелген суреттер мен хаттарды көрсетіп, олар жайлы баяндап берді.
Акцияны ұйымдастырушы “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Шаймерденовтің айтуынша, тарихқа тағзым, бабалар аманатына құрмет көрсетіп, ізгілік таныту, жастарды күннен-күнге арамыздан азайып бара жатқан ардагерлерді аялауға шақыру, үй-үйді аралап, майдангерлерге қолдан келгенше көмектесу мақсатындағы шара мамыр айының соңына дейін жалғаспақ.
Нұргүл ОҚАШЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.