«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРПА – ДЕРТКЕ ШИПА

Көпшілікке белгілі тағамдық өсімдіктердің біреуі – арпа. Қазақ халқы да бұл өсімдіктің денсаулыққа тигізер пайдасын жоғары бағалаған.

Оны негізінен ұзақ аурудан шаршап, жүдеген адамдарға қуат беріп, көтерем болған малға қаракөже жасап, әлдендіру үшін пайдаланған. Сондай-ақ, бүйрекке тас байланғанда, қуық жолдары қабынғанда арпаның қайнатындысын ішкен.

Ас сіңіру қабілеті төмендеп, жүдеген науқастарға арпаны жақсылап жуып, ұзақ қайнатып, суын ішкізген ата-бабаларымыздың бұл тәсілі әлі де халық арасында қолданылып келеді. Оның құрамында ақуыз, майлар, көміртегі мен өзге де ферменттер болғандықтан, медицинада оның дәнінен дәрі жасалады.

Үй жағдайында арпаны ыдысқа салып, дымқылдандырып, көктетіп, 2 ас қасық ұнтағын қайнап тұрған бір литр суға салып, 4 сағат тұндырады. Оны күніне бірнеше рет жарты стақаннан ішіп отыруға болады. Және аталмыш тұнбаны суға қосып шомылсаңыз да, артық емес.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp