«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРУАҚТАРҒА ТАБЫНДЫРҒАН

«Ата жолы» немесе «Ақ жол» деген атпен танымал ұйым Петропавл қаласында заңсыз жұмыс істеп келген. Ал Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық соты 2009 жылы «Ата жолы» («Ақ жол») ЖШС-нің қызметіне республика аумағында тыйым салған болатын.

 Оккультті-мистикалық ұйымның ұстанушысын облыстық экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірінші полиция бөлімінің учаскелік инспекторымен бірге анықтаған. Қызылжар ауданының 46 жастағы тұрғыны облыс орталығының Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің бірінде қабылдау жүргізген. Ол белгілі бір ақшаға жергілікті тұрғындардың қасиетті жерлерге баруын ұйымдастырып отырған. Тұрғылықты жері бойынша адамдарды қабылдап, адыраспанмен және шипалы сумен жан-тәнді тазалау, ата-баба аруақтарына табыну сияқты еліміздің аумағында тыйым салынған оккультті-мистикалық ағымға тән басқа да емдеу тәсілдерін қолданған.
Облыс тұрғынына еліміздің заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салынды. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp