Ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекет жыл сайын қомақты қаржы бөлуде. Импорттық тауарлар айналымы жолға қойылған қазіргі жағдайда халықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу, асылтұқымды мал өсіру, аграрлық және өнеркәсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре отырып, тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету, елді мекендер мен өңдеу кәсіпорындарына баратын жолдарды жөндеу, ауыл инфрақұрылымын жақсарту сияқты міндеттер тұр.
Оларды орындау арқылы елімізде бәсекеге қабілетті өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, тұрмысымызды оңалта түсуге болады. Осы орайда Тайынша ауданында орналасқан “BioOperations” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инновациялық зауыты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев талап етіп отырған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталып, өңіріміздің экономикасын дамытуға тың серпін беріп отыр.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.