«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауданда фронт-кеңсе ашылды

Мағжан Жұмабаев ауданында «Ашық әкімдік» фронт-кеңсесі өз жұмысын бастады.

    Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин қатысты.

   Сервистік әкімдікте алты бөлімнің мамандары мен кәсіпкерлер палатасының өкілі орналасқан. Бұдан былай тұрғындарға «бір терезе» қағидасы бойынша 44 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
  Ғани Сақтағанұлы «Ашық әкімдік» фронт-кеңселерінің міндеті азаматтарға түрлі консультациялық кеңестер беру, құжаттар қабылдау, алғашқы көмек көрсету үшін ыңғайлы алаң құру болып табылатынын, қызмет көрсету жағынан заман ағымымен үндесетін сервистік мекеменің ашылуы арқасында Булаев қалалық әкімдігі жөндеуден өтіп, талапқа сай жұмыс істейтін болатынын атап өтті.
  «Аталған жобаның аудандық деңгейде құрылуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Қызмет көрсетушілер, бірінші кезекте, осында келушілердің өтініш-тілектеріне дер кезінде құлақ асып, мәселелердің барынша тез шешілуін қамтамасыз етулері тиіс»,–деді Н. Жахин.
   Бұдан кейін аудан бойынша коронавирустық індетке қарсы дайындық іс-шаралары тексерілді. Науқастарға арналған төсек-орындар, медициналық жабдықтар жеткілікті. Дәрі-дәрмектердің бағасы қолжетімді, тапшылық байқалмайды.
Еркебұлан ЕЛУБАЕВ
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp