Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қызылжар аудандық жастар бастамалары орталығымен бірлесіп, Қызылжар агротехникалық колледжі мен Боголюбово орта мектебінің мұғалімдерімен, оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Алдымен мектепке ат басын тіреген қызметкерлер қайта құрылған агенттік қызметінің басым бағыттары жайлы, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңдарына қандай жаңашылдықтар енгізілгендігі жөнінде айтып берді. Облыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы С. Айдарбеков ұстаздар білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлулері керек деген ойын білдірді.
Қызылжар агротехникалық колледжінде өткен семинар барысында мемлекеттік қызметке орналасу, халықтың билік өкілдеріне деген сенімінің деңгейін арттыру жөніндегі мәселелер, әлемнің үздік тәжірибелеріне сүйенген еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты талқыланды.
(Өз тілшіміз).