«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.11.2016

ПІКІР АЛМАСТЫ

Облыстың өртсөндірушілері ұлтаралық бірлік тақырыбында өткен семинарда бас қосты. Семинарға Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов қатысты. “Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл біздің республикамыздың бірегей саяси жаңашылдығы. Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жай ғана құрдас емес, тұрақтылықтың, жаңғыртудың және өркендеудің іргетасы болған екі ұлы құндылық. Сенімділік, дәстүр, толеранттылық – бұл біздің көпұлтты, өркендеп …

ПІКІР АЛМАСТЫ Read More »

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ!

Көктайғақ кезінде адамдар көшеде жиі жарақат алады. Әсіресе, көктайғақ қарт адамдар үшін қауіпті. Осы орайда, жаяу жүргіншілерге бірқатар сақтық ережесіне назар аударуға кеңес береміз. Ең алдымен тайғанамайтын, өкшесі төмен аяқкиім киіңіз. Жүрген кезде табаныңызды жерге толық басып, абайлап, асықпай қозғалыңыз. Қарт адамдар ұшы резеңкелі немесе тікенектері бар таяқ ұстағандары абзал. Құлаған кезде қолыңыздағы заттарды құтқарамын …

АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Read More »

ӨРТ СӨНДІРІЛДІ

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Полудино ауылында екі пәтерлі тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнына тез жеткен Булаево қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімі өртті тез сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өртті құрықтауға жеті құтқарушы мен екі техника жұмылдырылды. Евгений ЖУРАВЛЕВ, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.

ЖАСТАР ЖАСАҒЫ

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов Петропавл қаласындағы темір жол колледжінің оқушыларымен кездесіп, облысымыздағы жастар жасағы туралы әңгімелеп берді.

ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН

Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшылары түнгі уақытта Петропавл қаласының көшелері мен көңіл көтеру орындарында болатын құқық бұзушылықтарды ашу мақсатында рейдтік шаралар өткізді. Соның нәтижесінде 26 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көше кезген кәмелетке толмаған үш бала ұсталды. Шара барысында қоғамдық орындарда масаң күйде болған 11 адамға шара …

ТҮНДЕ КӨШЕ КЕЗГЕН Read More »

ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН БІРЛЕСІП

Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6637 әскери бөлімінің қызметшілері жергілікті полицейлермен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті күзетеді. Бүгіндері күн сайын облыс орталығын патрульдеуге 145 әскери қызметші шығып жүр.

Жаңаша бағалау

Облыс мұғалімдері формативті бағалау тәсілдерін үйрену мақсатында Назарбаев Зияткерлік мектебінде бас қосты. Бұл әдісті бұрыннан қолданып келе жатқан педагогтер балаларды жаңаша мазмұнда оқыта бастаған мұғалімдермен тәжірибе бөлісті.

ЖАҢСАҚ ПІКІРДЕН АРЫЛ

Облыстық онкологиялық диспансерде “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Шара аясында мамандар жиылғандарға сүт безі обырының пайда болу себептерін жан-жақты түсіндірді.

Қызылжар өңірінде қос мешіт ашылды

Өткен демалыс күндері облысымыздың екі ауылында алғаш рет азан үні естілді: оларда жаңа мешіттер жамағаттың игілігіне берілді. Аспан түстес күмбездері бар бұл мешіттердің алғашқысы Айыртау ауданындағы Кирилловка ауылында ашылды. Құранның бір сүресін оқумен басталған салтанатта бірінші болып лебіз білдірген аудан әкімі Ағзам Тастеміров көршілес ауылдардан келген және жергілікті тұрғындарды сауабы орасан зор мінәжат ордасының ашылуымен …

Қызылжар өңірінде қос мешіт ашылды Read More »

ИСЛАМДАҒЫ ИМАН МЕН АМАЛ

Ислам дінінің сенім жүйесінде (ақида) қозғалған “Иман және амал” тақырыбы – сонау ерте кезеңнің өзінде орын алып, түрлі топтар мен ағымдардың шығуына, қала берді олардың бір-бірін имансыздықпен кінәлап, тіпті, өзара қантөгіске апарған күрделі мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде иман-амалмен қатар, иман-ислам, иман және үлкен күнә, иманның артып-кемуі, мұсылманды күпірлікпен айыптау секілді мәселелерді тудырды. Сондықтан бұл …

ИСЛАМДАҒЫ ИМАН МЕН АМАЛ Read More »

ҚОРДЫҢ ЖИНАЛУ ТЕТІКТЕРІ

“Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры” АҚ-ы облыстық филиалының жұмысын үйлестіру барысында тұрғындар тарапынан жиі туындайтын сауалдарға осы қордың салымшылармен жұмыс істеу бөлімінің жетекші маманы Жұлдыз Алназырова жауап береді.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЗЫНАСЫ

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорында 350 мыңнан астам құнды жәдігер бар. Ежелгі дәуірден бастап, бүгінгі егемендігімізге дейінгі ел тарихын қамтитын экспонаттар мұражайдың 13 залында орналастырылған.

ҚОЛЫ АШЫҚ КӘСІПКЕР

Оқу мен еңбекті қатар алып жүріп Целиноград ауыл шаруашылығы институтының механикаландыру бөлімін тамамдаған Навои Сердалин Айыртау ауданына жолдамамен келген. Ауыл шаруашылығының әр саласында түрлі қызметтер атқарған ол кейін автомобиль паркінің меңгерушісі, инженер, “Гусаковка”, “Новосветловка” кеңшарларында бас инженер қызметтерін атқарады. Бұл қызметтерде өзін жақсы жағынан көрсете білген Навои Мақатайұлы 1998 жылы “Гусаковка” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры …

ҚОЛЫ АШЫҚ КӘСІПКЕР Read More »

Азамат атына лайық еді

Бәйміш Базарбайұлымен таныстығым өткен ғасырдың орта кезінде басталған болатын. Октябрь аудандық комсомол комитетінің екінші, бірінші хатшысы қызметтерін атқарған інісі Ақжанды жақсы білуші едім. Мен ол кезде Ольгинка ауылында орналасқан Ворошилов машина-трактор станциясында бас агрономмын. Оған қоса осындағы бастауыш комсомол ұйымына жетекшілік етемін. Сол жылдары Бәкеңмен етене араластым.

БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ

Чернигов орта мектебінің іргесі қаланғанына 62 жыл. Біздің мектебіміз еліміз Тәуелсіздік алған жылы жаңа ғимаратқа ауысып, білім бере бастаған болатын. Содан бергі ширек ғасыр ішінде білім ошағынан қанат қаққан алғашқы түлектеріміз тәуелсіз елімізбен бірге есейіп, жас мемлекетімізге қызмет етуде. Чернигов орта мектебінен осы жылдар ішінде қанат қаққан көптеген дарынды, еңбекқор түлектердің арасында Қазақстанның еңбек сіңірген …

БІЛІМ МЕН МӘДЕНИЕТ ОШАҒЫ Read More »

Жақсылық ҮШКЕМПІРОВ: “Мақсатымыз – халқымыздың ұлттық күресін әлемге паш ету”

Жақында Алматы облысы делегациясының құрамында Петропавлға атақты балуан Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров келген болатын. Сапар барысында даңқты спортшы солтүстікқазақстандық балғын спортшылармен де кездесті. Төменде Олимпиада чемпионымен әңгімені назарларыңызға ұсынып отырмыз.

ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДҮЛДҮЛІ

Тәуелсіздік жылдарында тарих ғылымы жаңа белестерге көтеріліп, үлкен биікке жетті. Әрине, оның дамуына отандық тарихшылардың сүбелі үлес қосқаны ақиқат. Бұл орайда алдымен, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, академик Манаш Қозыбаевтың есімі ауызға түседі. Ол қазақ халқына танылған тарихи жалған пікірлерді әшкерелеумен айналысып, ақтаңдақтарды ашуға арнады.

Қызығушылық артуда

Көптілді білу – заман талабы. Бірнеше тілді білген адамның білім көкжиегі кеңейе түсетіні анық. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің “Қазақстан халқы ассамблеясы” кафедрасының өкілдері “Көптiлдiлікке қызығушылықты қалыптастыруға байланысты сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру” деген тақырыпта семинар өткізді.

Құқық бұзудың ұсағы жоқ

Жас ұрпақтың болашағы үшін ересектердің әрқашанда жауапты болуы – бұл өмір заңдылығы. Қанаты әлі қатаймаған балағ­а қорған болып, әрқайсысының өмірі мен денсаулығы, құқығы мен бостандығы үшін отбасымен бірге, қоғам жауап береді.