Айыртау ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шүкірлік ауылында ауданның Құрметті азаматы – Армия Әбілқайыров атындағы жүлде үшін волейболдан ерлер арасында турнир өтті.
Аталмыш турнирге жақын елді мекендерден бес команда қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Мафруза Науанова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Ақтық сынға шыққан командалар арасында Казанка орта мектебінің ерлер командасы – ІІІ, Шүкірлік ауылының жастар командасы ІІ жүлделі орынға ие болды. І орынды алаң иелері – Шүкірлік негізгі мектебінің ерлер командасы жеңіп алды.
Жеңімпаз командалар мен қатысушылар арнайы кубоктармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталып, жарыс барысында шеберліктерімен көзге түскен: Ербол Османов (Казанка ОМ) – “Үздік шабуылшы”, Әсет Біржан (Мәдениет ОМ) – “Үздік ойыншы” және Асылбек Исин (Шүкірлік ауылы) – “Үздік қорғаушы” атанды.
Бағлан ҚОЖАҚОВ,
журналист.