«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.06.2014

АУЫЛДАҒЫ ТУРНИР

Айыртау ауданының Дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Шүкірлік ауылында ауданның Құрметті азаматы – Армия Әбілқайыров атындағы жүлде үшін волейболдан ерлер арасында турнир өтті.  Аталмыш турнирге жақын елді мекендерден бес команда қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Мафруза Науанова жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Облыс орталығында жекпе-жектен ел біріншілігі аяқталды. Аталмыш жарыста солтүстікқазақстандық Алексей Кривенко 70 кг. салмақ дәрежесінде топ жарды. Төрт кездесудің төртеуінде де жеңіске жеткен ол астаналық Қанат Досмағамбетов пен алматылық Нұрсұлтан Имағанбетовтен және қарағандылық Мейірбек Мұханов пен Дмитрий Ермолаевтан басым түсті.Ал Асылхан Әскеров (55 кг.), Айбас Қоңқаев (80 кг.), Марал Мұстафин (85 кг.) және Георгий Харачиди …

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА Read More »

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР

Бразилияда футболдан әлем біріншілігі өтіп жатыр. Бүгінде алғашқы жеңімпаздар белгілі болып отыр.  Әлем біріншілігінің алғашқы ойынында Бразилия мен Хорватияның құрама командалары кездесті. Ойын барысында төрт голды да бразилиялықтар соқты. Хорватия құрамасының шабуылшысы Ивица Оличтің сол қапталдан айып алаңына соққан добын қайтармақ болған бразилиялық Марсело Виейра абайсызда өз қақпасына дарытты. Хорватия алға шықты. Бұрын соңды әлем …

АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІМПАЗДАР Read More »

ДЕЛЕБЕНІ ҚОЗДЫРҒАН ДҮБІРЛІ ЖАРЫС

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов сенбі күні түс ауа Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы “Құлагер” ипподромында ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада аясында өткізілген ат спорты жарысының салтанатты ашылуына қатысты. Өңір басшысы жиналған қауымды дүбірлі сайыстың басталуымен құттықтап, дене шынықтыру мен спортты дамыту, саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап көрсетіп, оған …

ДЕЛЕБЕНІ ҚОЗДЫРҒАН ДҮБІРЛІ ЖАРЫС Read More »

ЖАЛҒАСҚАН ЖОЛ

Қызылжардағы бокс мектебінде өңірімізге белгілі бапкер болған Александр Лебедевті еске алуға арналған турнир өтті. Шараға жаттықтырушының туған-туыстары мен достары шақырылды. Осы орайда зейнеткерлік демалысына шыққанымен, балаларды жаттықтыруын тоқтатпаған Александр Николаевичтің еңбек сүйгіш болғандығын атап айтқым келеді. Ол бүкіл ғұмырын жас спортшыларды тәрбиелеу ісіне арнады. Сонымен қатар оның басты жақсылықтарының бірі ретінде көзі тірісінде құрып үлгерген …

ЖАЛҒАСҚАН ЖОЛ Read More »

СЫН САҒАТТА СЫНАЛҒАН

Кәсіп таңдау – тағдырыңды таңдаумен парапар. Біреу өмірінің мәнін тау-тасты зерттеп, тылсым табиғаттың иірімдерінен тапса, бірі жас ұрпаққа сапалы білім, өнегелі тәрбие беру жолында ұстаздықты қалайды. Тайынша аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Нұрлыбек Жәмекенов тайыншалықтардың тыныштығын қорып, жазым болған жандардың өмірін арашалауды өмірінің мәні деп біледі. Біздің әңгімемізге арқау болар азамат …

СЫН САҒАТТА СЫНАЛҒАН Read More »

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ

 Заман талабына сай еңбек етіп, өнерімен өрге басқан еңбекқор жандардың бірі – петропавлдық Мильвия Шәмілқызы. Бүгінде ол “Мильвия” ЖШС директоры және “Хикаят” сән үйінің жұмысына тікелей жауапты екі адамның бірі болып табылады.  – Киім тігумен 1991 жылдан бері айналысып келемін. Қызым Гүлнара – менің қолқанатым. Біз ең бірінші тігін ательесін ашқан болатынбыз. Сөйтіп, бастапқы кезде …

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ Read More »

АУЫЛДЫ САҒЫНҒАН ДӘРІГЕР

Жеке кәсіпкер Жандос Кенжетаев биыл Аққайың ауданының орталығында стоматологиялық емхананы іске қосты. Бұл саладағы еңбек өтілі бесінші жылға ғана аяқ басқан дәрігер өзінің мақсатын осылай жүзеге асырып отыр. – Астанадағы медицина академиясында тіс дәрігері мамандығына баулынып жүрген кез келген студент болашақта өзінің жеке стоматологиялық кабинетін немесе жеке кәсіпкерлігін ашуды армандайды. Ата-анамның көмегімен және мемлекетіміздің кәсіпкерлікке …

АУЫЛДЫ САҒЫНҒАН ДӘРІГЕР Read More »

АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Облысымызда қатерлі ісік дертіне шалдыққандар көбеймесе, азаймай тұр. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының берген соңғы мәліметіне сүйенер болсақ, бұл дерттен көз жұмғандар өткен жылы 100 мың адамға шаққанда 10,5 пайызға ұлғайған. Қай дерт болсын емге көнеді, дейді дәрігерлер. Тек оны уақытында анықтау қажет. Сондықтан аурудың алдын алу мақсатында елімізде денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған …

АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ Read More »

ОҚУШЫЛАРЫ АЗАЙМАҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

Повозочное ауылы – Шал ақын ауданындағы тұрғындары үдере көшуден аман, біршама бүтін отырған елді мекен. Бұрынғы кеңшар атауында қалған осындағы Приишим орта мектебінде биылғы оқу жылында 157 оқушы білім алды. Түтін саны 390 отбасынан тұратын, барлығы 1360 тұрғыны бар ауыл үшін бұл, мүмкін, онша көп те емес шығар, дегенмен ауданның көптеген орта мектептерінде бала саны …

ОҚУШЫЛАРЫ АЗАЙМАҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ Read More »

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТЕЗЕГІ газ бен қуат көзіне айналмақ

Тайынша ауданында мал қиынан газ бен электр қуаты шығарылатын биогаз қондырғысы салынбақ. Экологияға да, экономикаға да пайдасы зор қондырғыны орнату ісін “Тайынша Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2015-2016 жылдарға жоспарлап отыр. Қондырғының құны да арзан емес: шамамен 4 миллион АҚШ долларының инвестициясын қажет етеді. Әйтсе де, шығын құны бірер жылда өтелген соң қыруар пайда әкеледі деп …

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТЕЗЕГІ газ бен қуат көзіне айналмақ Read More »

БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР БАР

“Нұр Отан” партиясы “Болашақ” филиалы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасында “Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн” тақырыбында “дөңгелек үстел” ұйымдастырды.  Балалардың еңбегін пайдалану бүгінгі таңда өзекті мәселе болып табылады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүкіл әлем бойынша 215 миллион бала еңбек етеді екен. Солардың ішіндегі 115 миллионы денсаулығына қауіп төнетін ауыр жұмыстарға жегілуде. …

БАЛАЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР БАР Read More »

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ

Париж қаласында “Әлем әйелдерінің жаһандық саммиті” өтті. Оған әлемнің түпкір-түпкірінен 37 делегация қатысып, қазіргі таңдағы гендерлік саясаттың түйінді мәселелерін талқылады. Онда экономикалық, қоғамдық ұйымдарда да 30 пайыз нәзік жандардың жұмыс істеуі қажет екендігі атап көрсетілді. Форумға облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева бастаған жерлестеріміз де қатысты. Әлемнің 80 елінен жиналған 1300 әйелдің арасынан жүлделі …

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖҮЛДЕСІ Read More »

“РЕАКТОРДЫҢ” ЖҰМЫСЫНА ЖҰРТ РИЗА

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим станциясында жеке кәсіпкер Иван Федоровтың “Реактор” техникалық қызмет көрсету станциясы өткен жылы қараша айында ашылды. Содан бері аталмыш кешенді орталық автокөлік иелерінің сүйікті орнына айналып үлгерді.  Аудандық Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Алмат Қошановтың айтуына қарағанда, мүсіреповтіктердің орта және шағын бизнеспен айналысуына жергілікті әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Соның нәтижесінде бірнеше …

“РЕАКТОРДЫҢ” ЖҰМЫСЫНА ЖҰРТ РИЗА Read More »

ДОСТЫҚТЫҢ КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙЕ ТҮСПЕК

Облыс орталығында жаңа Достық үйі бой көтермек. Жалпы аумағы 7 мың шаршы метрге жуық жаңа ғимарат жақын арада пайдалануға берілетін болады. Облыстық “Қазақстан-Петропавл” телеарнасында өткен баспасөз конференциясының кезекті қонағы – Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов осыны мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен өткен жиында өңірдегі конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту мәселелері де кеңінен көрініс тапты.  …

ДОСТЫҚТЫҢ КЕРЕГЕСІ КЕҢЕЙЕ ТҮСПЕК Read More »

САРАПШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

Аграршылар үйінің үлкен залында Қазақстан Республикасы Президентінің “Алтын сапа” сыйлығына және республикалық “Қазақстанның үздік тауары” конкурс-көрмесіне қатысушыларды бағалау өлшемдері бойынша өңірлік оқыту семинары өтті. Оған сарапшылар топтарының мүшелері, конкурсқа ықтимал қатысушы кәсіпорындардың өкілдері, облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің мамандары мен СҚО бойынша “ҚазИнСт” РМК-нің өкілдері қатысты. Семинарды облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің басшысы …

САРАПШЫЛАР БАС ҚОСТЫ Read More »

Деректер мен дәйектер

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, облыс орталығындағы 11 наубайхана тұрақтандыру қорының 1-ші сұрыпты 1136,5 тонна ұнын пайдаланады. Оларды ұнмен қамтамасыз ететін оператор – “Кара яз” ЖШС. Биылғы наурыз айынан бері оларға 684 тонна 1-ші сұрыпты ұн бөлінді. “Петропавл нан-тоқаш комбинаты” ЖШС бидайды Мамлют ұн үгу кәсіпорнынан алады. Бір тонна бидайдың бағасы – 28300 теңге, 1-ші …

Деректер мен дәйектер Read More »

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТАДЫ

2014 жылдың 29 мамыры айрықша тарихи оқиғамен айшықталған күн болды. Ол Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылған күн ретінде ел тарихында қалды. Бұл құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың алдағы 15-20 жылға арналған негізгі стратегиялық даму бағыттарын айқындап берді. Ол ұлттық экономикалардың және Еуразиялық интеграцияның барлық …

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЫҚПАЛДАСТЫҚ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТАДЫ Read More »

АУДАНДА ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ

Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның орталығы – Булаево қаласында 2012 жылы “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы бойынша құрылысы басталған жаңа аудандық емхана жуырда пайдалануға беріліп, тұрғындар зор қуанышқа бөленді. Қаланың шығыс жағы беткейінде аумағы атшаптырым жерді алатын алаңқайдағы осызаманғы сәулет үлгісінде салынған қос қабатты ғимарат анадайдан көз тартады.  Жаңа емханаға алғашқы болып балалар бөлімшесінің дәрігерлері еніп, …

АУДАНДА ЖАҢА ЕМХАНА АШЫЛДЫ Read More »

ПРЕЗИДЕНТ ТӘЖІКСТАНҒА БАРАДЫ

Биылғы қыркүйек айында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттерінің Душанбеде өтетін кездесуіне тыңғылықты дайындық жүргізілуде. Бұл жайында Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2014-2015 жылдарға арналған әріптестік жоспарына қол қою барысында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов айтты. “Осы жылдың қыркүйек айында Душанбеде өтетін екі ел басшылары кездесуінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын келіссөздер нәтижесі бойынша ел басшылығы мен …

ПРЕЗИДЕНТ ТӘЖІКСТАНҒА БАРАДЫ Read More »