«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛ – АЛТЫН БЕСІК

“Ауыл” партиясы үшін басты мақсат – халқымыздың дәстүрлі құндылықтарын дамыту, Отанымыз – Қазақстанның тәуелсіздігін баянды ету, Мәңгілік Елді нығайту!

Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлері уақытында және нақты жауап беруді талап етеді. Бес институттық реформа мен оны жүзеге асыратын 100 нақты қадам жаһандық қауіп-қатерлерге тегеурінді жауап бола алады.

Біз әлемдік дағдарыстың зардабынан арылуға және еліміздің экономикасын жаңа, сапалық деңгейге көтеруге бағытталған мемлекет стратегиясын қолдаймыз. Сонымен бірге, соңғы жылдары Үкіметтің жасап жатқан шараларына қарамастан, экономиканың кейбір бағыттарының дамуы бәсеңсіп барады. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде артықшылық ретінде басымдық берілген халықтың жалпы білім деңгейі мен еңбек ресурстарының сапасы экономика дамуының жаңа жағдайында сұранымға ие бола алмай отыр.

Ауыл және агроөнеркәсіп кешені елімізді толыққанды жаңғыртуда маңызды мәнге ие. Еліміздің 8 млн. халқы немесе ел-жұрттың 45 пайызы ауылда тұрады. Аграрлық өндіріс – Қазақстан экономикасының ірі және дәстүрлі саласы.

Бүгінде агроөнеркәсіп кешені елімізді индустрияландырудың өзегі болуға қабілетті. Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау және ұқсатумен айналысатын ірі өндіріс кешендерін дамыту Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыра түсер еді. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен бірдей болуы шарт.

Соңғы жылдары ауыл мен ауыл шаруашылығы саласын қолдауға мемлекет нақты қадамдар жасады. Дегенмен де, әлеуметтік, инженерлік және өндірістік инфрақұрылымның даму деңгейінің төмендігі, қаржы тапшылығы, қазіргі заманауи технологияларды қолданудың жеткіліксіздігі сияқты мәселелерді шешу қажет.

Кедейлер мен жұмыссыздардың басым бөлігі ауылда тұрады. Ауыл мектептері мен денсаулық сақтау саласында түйінді мәселе жетерлік, көптеген елді мекендер газбен қамтылмаған, таза ауызсуға зәру.

Біз өзіміздің азаматтар тұтынатын азық-түліктің шетелдерден әкелуіне тосқауыл қоюымыз қажет. Азық-түлік нарығын бағаны шарықтатуға сылтау іздейтін алыпсатарлардың билеп-төстеуіне тосқауыл қою керек.

Біздің еліміз үшін халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде мүмкіндігі бағаланбай отырған жеке қосалқы шаруашылықтар негізгі қор болып табылады. Сарапшылар қауымдастығының зерттеуі бойынша банк және мемлекеттік сектордың несие ресурстарының 3 пайызы ғана ауылға тиесілі.

“Ауыл” партиясы:

– Ауылды кешенді дамытуға бағытталған “Ауыл инфрақұрылымы” атты мемлекеттік бағдарламаны дайындап, жүзеге асыруды.

– Аграрлық секторда бүгінгі заманауи технологияларды енгізуді ынталандыруға, аграрлық ғылымды дамытуға бағытталған шаралар кешенін дайындауды.

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдауға арналған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сервистік және несиелеу қызметін көрсететін кооперативтерді құруды ынталандыруды.

– Адамдардың жеке шаруашылықтарының мол мүмкіндіктерін халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуге, өңдеуді дамыту арқылы жұмыспен қамтуға пайдалануды.

– Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге салық салуды жетілдіру, жаңа құрылған аграрлық мекемелерге салық каникулдарын қарастыруды.

– Ауыл шаруашылығы мен ауылдағы әлеуметтік мекемелердің мамандарына үй салуға және сатып алуға субсидиялар қарастыруды.

– Ауылдағы коммуналдық өтемдердің бір бөлігін субсидияландыруды шешуді.

– Ауылға қажетті мамандықтар үшін (ауыл шаруашылығы, педагогика, медицина, т.б.) жоғары оқу орындарында мектеп бітірушілерге бюджеттік квота бөлу. Квота аясында оқу бітірген әрбір түлек ауылға оралғанда қала стандарттарына сәйкес өмір сүру жағдайына сенімді болуы қажет.

– Жоғары білікті дәрігерлердің ауылдық елді мекендерге үнемі барып тұруын қамтамасыз ете отырып, медицина орталықтарын әрбір елді мекенге бекітуді ұсынады.

Иван КЕНДЮХ,

“Ауыл” халықтық-демократиялық патриоттық партиясы СҚО бойынша филиалының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp