«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АХУАЛ – АЙРЫҚША НАЗАРДА

…Әдеттегідей емес, елден ерекше сақал қоятындар бар: бұлардың біріншісі – қаба сақалдылар, екіншісі – ешкі сақалдылар. Осылардың қай-қайсысын көрсең де, деміңді ішіңе тарта қаласың: жат ағым жетегіне алғандардан қауіптенгендей күй кешесің. Намаздың өзін басқаша оқитын олардың оңашалана беретін қылықтарының өзі сескендіретін сияқты…

Міне, осы сияқты кереғарлыққа байланысты соңғы жылдары діни ахуалды қадағалауды қолға алғанымыз, әрине, әбден орынды. Облыстық және аудандық әкімдіктердің жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің жұмыс жүргізіп келе жатқандығы осының айқын дәлелі. Облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова төрайымы болып табылатын облыстық деңгейдегі кеңестің кезекті отырысы алдыңгүні өткізілді. Онда алдымен Тимирязев және Жамбыл аудандары әкімдерінің орынбасарлары Лесбек Ілебаев пен Зейнолла Мәкеновтің хабарламалары тыңдалды.

Олардан соң облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының бөлім басшысы Тұрсынай Молдахметова жұртшылықты бұқаралық спортқа тарту және тәлім-тәрбие жұмысындағы мәдениет мекемелерінің рөлі туралы баяндады.

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp