Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Нұр-Сұлтандағы ПТР тестерді өткізу пунктінен қашқандардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші екенін айтты.
“Әуежайдан ПТР тест анықтамасынсыз қашып кетіп, кейін ұсталған Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғынына 30 айлық есептік көрсеткіш (83 340 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
Аталған тұлғалар Шарм-эль-Шейхтен келген ерлі-зайыптылар, олардың бірі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік қызметкері болып табылады”, деді Байғабылов.
Еске сала кетейік, бүгін түнде, Египеттен ПТР тестілеу нәтижелері туралы анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндеу үшін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кетті.
https://egemen.kz