«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚЖАРДА — ЖАҢА ӘКІМ

Ақжар аудандық мәслихатының сессиясы өтті. Сессияға қатысқан он депутат өңір басшысы Құмар Ақсақоловтың аудан әкімі қызметіне үміткер ретінде ұсынған Қанат Қалиевтың кандидатурасын қолдап, дауыс берді.

Сессиядан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов жаңа басшыны аудан активіне таныстырды. Қанат Қайыржанұлы 1964 жылы Шал ақын ауданы Қаратал ауылында туған. Алматы зооветеринарлық институтын бітірген.
Әр жылдары Жамбыл, Қызылжар аудандарында эпизотоолог дәрігер, кеңшардың, ауданның бас ветеринар дәрігері, аумақтық басқарма, инспекция бастығы, Мамлют ауданының әкімі қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін республикалық ветеринарлық зертхананың облыстық филиалына жетекшілік еткен.
Марат Иманбайұлы жаңадан тайындалған аудан әкіміне бірқатар міндеттер жүктеді. Ауданның топырағы құнарлы болғанымен, егін шаруашылығы саласында шешімін күткен мәселелер аз емес. Егістік танаптары көп болғанына қарамастан жаңа техникалар сатып алу көрсеткіші төмен. Мал шаруашылығы да түбегейлі өзгерістерді қажет етеді. Сүт фермаларын көбейтіп, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді жолдарын іздеген жөн. Шөбі шүйгін жайылымдар жеткілікті. Сондықтан қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді жүзеге асыру қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp