«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақмолалық ұрылар

Петропавлда бірнеше мүліктік қылмыс жасаған Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Алғашқы арыз полицияға тамыз айының соңында келіп түскен. Үйіне келе жатқан мас петропавлдықтан біреу қолындағы барсеткасы мен ұялы телефонын тартып алған. Бұл дерек «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

Жедел уәкілдер жақын маңдағы камералардың жазбаларын, күмәнді тұлғаларды тексерген. Соның нәтижесінде күдікті екеу «Изумруд» саяжай серіктестігіндегі үйлердің бірінде қолға түскен. Саяжайды тексеру кезінде магнитола, автоколонкалар, балық аулау құралдары, кілттер жиынтығы және зергерге арналған көзілдіріктер табылды. Ақмола облысының 1989 және 1995 жылы туған тұрғындары бұл заттарды қайдан алғандығы жайында жөнді жауап бере алмады. Олар ер адамға шабуыл жасап қана қоймай, көліктерге бұзып кіріп, тонаған.
Күдіктілердің сөзіне қарағанда, олар Петропавлға нәпақа табу үшін келген. Алайда жұмыс іздеудің орнына олар ұрлықты кәсіп етіпті. Түнделетіп аулада дабылқаққышы жоқ көліктерді тонаған. Оңай «олжаны» өздері тұрып жатқан таныстарының саяжайына апарып отырған. Күдіктілердің осы уақытқа дейін үш көлікті тонағаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған мүліктер тәркіленді. Ұсталғандар уақытша қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp