Қызылжар аудандық орталық кітапханасында “ВИД” клубы “Парасат” мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен бірге “Өз заманының адамы” атты кеш өткізді. Ол – белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовке арналды.
Жастар үшін оның шығармашылығы мен өмір жолының қызықтыратын тұстары көп. Мәселен, Олжас Омарұлының алғашқы поэмасы ғарышкер Юрий Гагаринге арналған. Мәскеу тұңғыш ғарышкерді салтанатпен қарсы алып жатқанда, оның ерлігі туралы Олжастың өлеңдері Алматыда бума-бума парақшамен таратылды. Юрий Гагариннің қаза тапқан жеріндегі ескерткішке қазақ ақынының “Адамға табын, Жер, енді!” деген сөздері жазылған. Кезінде оның “АЗиЯ” атты кітабы да әдебиетшілер мен ғалымдар арасында қызу пікірталас туғызғанын білеміз. Осының барлығын терең білуге құмартқан оқушылар ашық әңгіме өрбітіп, басқосу үлкен мазмұнға ие болды.
Жылқыбай МҰСТАФИН,
кітапханашы.
Қызылжар ауданы.