«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚҚАЙЫҢНЫҢ АЖАРЫ КІРЕ БАСТАДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болып, бірқатар нысандардың жұмысымен танысты. Биыл Аққайың ауданында 1,4 млрд. теңгеге 32 жоба жүзеге асырылуда. Жеті мектеп пен бір балабақша күрделі жөндеуден өтті. Аудандық аурухана жаңарып, Тоқшын, Қиялы елді мекендеріндегі дәрігерлік амбулаториялар қалпына келтірілді. Мәдениет үйлері мен мұрағаттың ғимараты жаңарды. Спорттық ойын алаңдары пайдалануға беріліп, 8 шағын футбол алаңы орнатылды. Заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. 16 ауылдың көшелері жарықтандырылды. Аудан орталығы – Смирново кентінде 16 шақырым жол жөнделіп, 8 көшеге асфальт төселді. Власовка ауылында да мектеп пен Мәдениет үйі жаңарды, шағын футбол алаңы жұмыс істейді, 250 ауланың жартысынан астамы орталық су жүйесіне қосылған. Инвестициялық жобалардың бірі – Қиялыда заманауи элеватордың құрылысы аяқталуға жақын. Жоба құны – 1,5 млрд. теңге.

Құмар Іргебайұлы аудан орталығы мен елді мекендерде орналасқан нысандарды аралап болғаннан кейін кездесу өткізіп, аудан әкімдігіне бірқатар міндеттер жүктеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының мән-маңызына тоқталды. Президент айтқан ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін, бұл салада шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелер бар екенін, нақтырақ, жұрттың жерге қол жеткізе алмауын, кәсіби мамандардың тапшылығын атап өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp