«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аққуды атқан тұрғын ұсталды

Бала кезден барлық халықтарда «аққуды атуға болмайды, киелі құс» деген  ақыл басқа сіңіріліп келеді. Алайда ештеңені қадірлемейтін, қасиет тұтпайтын мал тектес адамдар көп қой. Соның бірі қатарында мына бір солтүстікқазақстандық міскінді атауға болады.

Ол Мамлют ауданындағы Леденево көлінде аққу атқан. Аудандық аңшылық шаруашылығының қорықшысы өзінен жасырынбақ болған «БМВ» автокөлігінен сезіктеніп, оны қуып тоқтатқанда жүксалғышынан аққудың өлі денесі табылған. «Көлік жүргізушісі мен жолаушы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – дейді Мамлют аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Серік Әлжанов.
Осыған дейін де Солтүстік Қазақстан облысында аққуды атудың екі фактісі тіркелген болатын. Адал құс жаңа келіп жатқан наурыз айында «Ромашка» саяжай қоғамының маңында еріккендер екі аққуды атқан.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp