«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Бала дауысының» жеңімпаздары анықталды

«Бала дауысы» ұлттық ән байқауының бесінші кезеңі мәреге жетті. Талапты жас дарындар финалда ән шырқап, оны You Tube және КТК арналары арқылы мыңдаған көрермен тамашалады.

Балаларға арналған ұлттық ән бай­қауын жылда Әлия Назарбаева­ның «Жандану әле­мі» қоры Мәдениет және спорт минис­трлігі мен Нұрсұл­тан Назарбаев қорының қол­да­уымен өткізіп жүр. Биыл пандемия жағдайына бай­ланыс­ты әншілер онлайн түрде іріктелген. Яғни, олар өзде­рінің шығар­маларын ұйым­дастыру алқа­сына бейнежазба түрінде жолдапты. Ұйым­дастырушылардың айтуынша, елі­міздің түкпір-түкпірінен байқауға 8 және 12 аралығындағы 4135 бала қа­тыс­қан.
Ал соншама жас дарынның ішінен 20-сы таңдап алынып, олар финалда Республика сарайының сахнасында ән салды. Бұл жолы тәлімгерлер санатында Данияр Өтеген, Ерден Жақсымбеков, Әли Оқапов, Бейбіт Құшқалиев, Әділ­жан Омаров сынды өнерпаздар балауса талант­тардың жанынан табылды.
Финалдық концертте қа­ты­сушы­лар­дың әрқайсысы өзде­ріне ар­найы жазылған авторлық әндерді айтты. Сондай-ақ әрбір әнге лайық­ты қойылым жасалды. Олар­дың шы­ғармашылығына Мар­жан Арап­баева, Ренат Гайсин, Диана Снегина, Ақерке Бүркітбай, Роман Ким, Зарина Алтынбаева және Аян Бірбаев сынды отандық танымал өнер иелері қазылық етті. Ал «Ел таңдауы» арнайы жүлдесін көрермендер notka.kz сайты арқылы дауыс беріп, өздері тағайындады. Біз­діңше, осы жолғы «Бала дауысының» жаңалығы – Ақтөбе облысынан келген Айдар Аққұлов болған сияқты. Ол «Ел таңдауында» жеңімпаз атанып қоймай, байқаудың бірінші жүлдесін де ұтып алды. Оның финалда орындаған «Ғажайып әлем» әні бүкіл көрерменнің көңілінен шыққаны даусыз.
Байқаудың бас жүлдесі Маңғыстау облысынан келген Армен Саакянға бұйырды. Ол көрермендер мен қазылар алқасын «Самға» әнімен тәнті етті. Осы жерде айта кету керек, байқаудың бас жүлдесін алған жеңімпаз Дис­ней­лендке жолдамамен қоса, Қазақ ұлттық өнер университетінің грантын да ұтып алды.
«Бала дауысының» екінші орнын Жамбыл облысынан келген Бекмұхамед Ғазизжанұлы мен Павлодар об­лы­сы­ның қатысушысы Лей­ла Цечоева тең бөліссе, үшін­­ші орынға төрт талапкер лайық деп танылды. Олар – алматылық Руслан Ами­ра­­сланов пен Әбілқайыр Жұма­бай, атыраулық Олеся Кузьмина мен Маңғыстау облысынан келген Айару Қимағамбет.


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp