«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАСҚА ЖАҚҚА КӨШУ АЗАЙДЫ

2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы жағымсыз көші-қон айырмасы 3612 адамды құрап, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 32,9 пайызға кеміді.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда облысқа келгендер саны (өңірішілік көші-қонды есепке алмағанда) 5815 адамды құрап, өткен жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 41,3 пайызға өскен, кеткендер саны 9427 адамды құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 0,7 пайызға кем.

Былтыр облыстан барлық кеткендердің (облысішілік көші-қонды есепке алмағанда) 68,3 пайызы (6440 адам) Қазақстанның басқа өңірлеріне қоныс аударды. Өңіраралық көші-қонның теріс айырмасы 1531 адамды құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 43,3 пайызға кеміді. Кетушілердің барған негізгі аумағы Ақмола облысы (50,9 пайыз), Астана қаласы (14,4 пайыз), Қарағанды облысы (7,5 пайыз), Қостанай облысы (7,1 пайыз) болып табылады. Біздің облысқа Ақмола облысынан (29,4 пайыз), Астана қаласынан (21,9 пайыз), Оңтүстік Қазақстан облысынан (9,4 пайыз), Қарағанды облысынан (9 пайыз) көшіп келушілер бар.

Өткен жылдың 12 айы ішінде сыртқы көші-қон есебінен облысқа тұрғылықты орын үшін 906 адам келсе, тыс жерге 2987 адам кетті. Халықаралық көші-қонның теріс айырмасы 2081 адамды құрады.

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ТМД елдеріне 2749 солтүстікқазақстандық қоныс аударып, облысқа 872 адам көшіп келді. Көші-қон айырмасы 1877 адамды құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 24,9 пайызға кеміді.

Эмигранттардың негізгі бөлігі – бұрынғыша Ресей Федерациясына тиесілі (барлық кеткендердің 95,4 пайызы) және Беларусь – 3,9 пайыз. 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда ТМД елдерінен облысқа көшіп келгендердің арасында ең үлкен үлес салмақ Ресей Федерациясынан келгендердің еншісінде (ТМД-дан барлық келгендердің 72 пайызы). Келушілер арасында Армения (15,6 пайыз), Беларусь (4,1 пайыз) және Өзбекстан (3,3 пайыз) азаматтарының да үлес салмағы жоғары.

Былтыр әлемнің басқа елдеріне облыстың 238 тұрғыны қоныс аударды, облысқа тұрғылықты жерге 34 адам көшіп келді, көші-қон айырмасы 204 адамды құрады.

Эмигранттардың 70,6 пайызы немесе 168 адам Германияға қоныс аударды. Германиядан облысқа 16 адам қайта көшіп келді.

Облыс шегінде қоныс аударған мигранттардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, 14630 адамды құрады. Облысішілік көші-қон бойынша жағымды көрсеткіш (5288 адам) облыс орталығына тиесілі.

Облыстық статистика департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp