«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бас бапкерсіз қалды

“Астана” футбол клубының жаттықтырушы­сы Пол Эшуорт өзінің бұрынғы жұмысы, яғни атқарушы директор қызметіне қайта оралды. Енді ол елордалық команданың бас бапкері қызметін атқармайды.

Маусымның басында чех маманы Михал Билек елордалық клубты жаттықтырған. Алайда, команда чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін ол өз орнын босатқан еді. Содан соң клубтың атқарушы директоры Пол Эшуорт бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.

Айта кетейік, “Астана” клубы футболдан Премьер-лиганың 6-туры аясында өткен матчта “Қайраттан” 0:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Алматылықтар бұл жеңістің арқасында едордалық командадан сегіз ұпайға озып кетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp