Петропавлдың 19-шы шағынауданындағы қазақ мектеп-гимназиясында он төрт команда Желтоқсан көтерілісінің құрбаны, жерлесіміз Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейбол жарысында сынға түсті.
Он үш ерлер тобының арасында спорт-интернатының қыздарынан құралған команда да алаңға шықты. Бұлар – оқушы қыздар және “Қуаныш” шеберлер командасының үшінші тобында ойнайды.
Ақтық сында “Кешкі Астана”, “Дарын”, Жамбыл ауданындағы Жаңажол ауылы құрамасы және алаң иесі – қазақ мектеп-гимназиясының ойыншылары шеберлік салыстырды.
Финалдық жекпе-жекте астаналықтар “Дарын” ойыншыларын 2:0 есебімен ұтып, бас жүлдені еншілесе, үшінші орын үшін сайыста жаңажолдықтар жеңіске жетті.
Зейнолла ӘКІМЖАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.