Уәлиханов ауданының Кішкенекөл №1 орта мектебінде өткен “дөңгелек үстелге” қатысушыларға “Қожахмет хазірет” мешітінің бас имамы Өсербай Шәкенов дәстүрлі діннің артықшылығы туралы әңгімеледі.
Қоғамдағы жат ағымдардың ықпалынан жастарды қорғау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен мешіт имамдарының оқушылармен кездесуі игі дәстүрге айналды. Бұл жолы да кездесуге қатысқан жоғары сынып оқушылары имандылыққа үндейтін уағыз-насихат тыңдай алды. Мешіттің бас имамы оқушыларға ата-ананың қадірі, білім алудың маңызы жайында айтты.
(Өз тілшіміз).