«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.11.2015

СЫРТЫ – ЛОМБАРД, ІШІ – КАЗИНО

Облыстың тәртіп сақшылары мемлекеттік кіріс департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, Петропавл қаласында жұмыс істеген заңсыз ойын ұйымдары желісін анықтады. Ол жерлерде online-казино қызметі көрсетілген. Іздестіру шаралары кезінде құмар ойындары ұйымдастырылған 7 мекенжай анықталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. (Өз тілшіміз).

ЖАНАТЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕГІ теледидар арқылы көрсетіледі

Жерлесіміз Жанат Жақиянов үстіміздегі шілде айында өзінің бұрын алған Еуропа чемпионы атағына қайта ұмтылудан бас тартып, одан гөрі жоғары мақсатқа – әлем чемпионы атануға күш салатындығын мәлімдеген болатын. Соның сәті алдағы сенбі күні түскелі тұр. Kazsport.kz. сайтының хабарлауынша, 7 қарашада Монако князьдығының Монте-Карло қаласында жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 килограмға дейін) қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов …

ЖАНАТЫМЫЗДЫҢ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫМЕН ЖЕКПЕ-ЖЕГІ теледидар арқылы көрсетіледі Read More »

“АЛДАРКӨСЕНІҢ СИҚЫРЛЫ ДҮРБІСІ”

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театры жыл сайынғы жаңа маусымында өз көрермендеріне жақсы тарту жасауды игі дәстүрге айналдырған. Өнер ұжымы бұл жолы да тәрбиелік мәні зор қойылымды ұсынуды жөн көріпті. Петропавлдағы №9 мектептің бастауыш сыныбында оқитын оқушылары мен “Айгөлек” балабақшасының бүлдіршіндері премьераның көрермендері болды. Алматыдағы іргелі білім ордасы – Темірбек Жүргенов атындағы өнер университетінің …

“АЛДАРКӨСЕНІҢ СИҚЫРЛЫ ДҮРБІСІ” Read More »

КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ ДЕГЕН НЕ?

Қазіргі таңда тұтынушылар “кепілдік мерзімі” деген тіркесті жиі көреді. Көп жағдайда олар кепілдік мерзімді жарамдылық мерзімімен шатастырады және осы санаттар арасындағы айырмашылыққа аса мән бермейді. Осы орайда, қоғамда кепілдік мерзім мен оның пайдасы туралы түсінік қалыптастыру біздің міндетіміз болып саналады.

БАС ИМАМ – ОҚУШЫЛАР АЛДЫНДА

Уәлиханов ауданының Кішкенекөл №1 орта мектебінде өткен “дөңгелек үстелге” қатысушыларға “Қожахмет хазірет” мешітінің бас имамы Өсербай Шәкенов дәстүрлі діннің артықшылығы туралы әңгімеледі. Қоғамдағы жат ағымдардың ықпалынан жастарды қорғау мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен мешіт имамдарының оқушылармен кездесуі игі дәстүрге айналды. Бұл жолы да кездесуге қатысқан жоғары сынып оқушылары имандылыққа үндейтін уағыз-насихат тыңдай алды. Мешіттің …

БАС ИМАМ – ОҚУШЫЛАР АЛДЫНДА Read More »

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨМЕГІ КӨП

Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесіне пробация қызметінің енгізілгеніне көп бола қойған жоқ. Бұл қызметтің мақсаты – шартты түрде бас бостандығынан айрылған азаматтарға әлеу­меттік-құқықтық қызмет көрсету. Атап айтар болсақ, түзу жолдан адасқандардың білім алуына, кәсіп меңгеріп, жұмысқа орналасуы­на ықпал жасау, ауырып қалса, дәрігер­лік көмек көрсетуді қамтамасыз ету бо­лып табылады. Әлеуметтік-құ­қықтық кө­мек әрқайсысының қажетті­лігіне байланыс­ты көрсетіледі. Про­ба­циялық қызметке жергілікті …

ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨМЕГІ КӨП Read More »

УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛГІҢ КЕЛСЕ…

Бір жылдың қадірін білгіңіз келсе, келесі сыныпқа өте алмаған оқушыдан сұраңыз. Бір айдың қадірін білгіңіз келсе, 8 айлық сәбиді дүниеге әкелген анадан сұраңыз. Бір аптаның қадірін білгіңіз келсе, апталық журнал шығаратын журналистен сұраңыз.

ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК

Петропавл қаласының тұрғыны Аида Нұрланқызы қызыл ірімшікті қалай істеу жолын айтып береді. – Әдетте ірімшік қоюлана бастаған кезде отты өшіріп қоямыз. Ал енді сол қалпында тағы да бірер сағат қайната түссе, ірімшіктің түсі сары, одан кейін тіпті қызыл түске айналады. Дайын болған қызыл ірімшікті сүзіп алып, қалтаға салып, кептірсе, ол көп уақытқа дейін бұзылмайды. Есесіне …

ҚЫЗЫЛ ІРІМШІК Read More »

ӘЙЕЛ БОСАНҒАНДА БІРГЕ БОЛУ ҚИСЫНДЫ МА?

Қашанда қарапайым мінезімен ерекшелене білген қазақтың келіндері бұрын ымжымсыз, ешкімге білдірмей-ақ талай сәбиді өмірге әкелетін. Толғағы қысқан кезде ғана перзентханаға жиналып, я болмаса үйде де босана беретін, шіркін, қазақтың қарапайым әйелдерінің шыдамдылығын айтсаңызшы! Қазіргі жас келіндерге бұл бұрынғының сарқыншағындай болып көрінеді. Өйткені, олардың өмірге деген көзқарасы басқаша. Дөп басып айта алмағанымызбен, осыдан 5 жылдай уақыт …

ӘЙЕЛ БОСАНҒАНДА БІРГЕ БОЛУ ҚИСЫНДЫ МА? Read More »

АЛИНА – ТІЛ ШЕБЕРІ

Қыз бала – бойжеткен, келін, ана, Бәрі де дер кезінде дара тұлға. Ұрпағыңның ойласаң болашағын, Қызды сыйла жамағат, қызды сыйла! – деген жыр шумағы қалай тауып айтылған десеңізші?! Шындығында да, қыз бала сән мен сымбаттан жаралғандай. Өне бойы тұнып тұрған сұлулық.

ҚЫРЫҚ ЖАСТА БАЛА КӨТЕРУГЕ БОЛА МА?

Мен 40 жасқа келген екі баланың анасымын. Ұлдарымның үлкені студент болса, кенжесі – 6 жаста. Енді үшінші бала тусам деген ниетім бар. Бірақ арада біраз уақытты өткізіп алғандықтан, “денсаулығым жарай ма?” деген күдік те бар. Жалпы, қырықтан асқан кезде ана болу арманыңа қол жеткізу қаншалықты мүмкін? Қамаш, Аққайың ауданының тұрғыны.

ИНЕ-ЖІПТЕН ИГІЛІК КӨРГЕНДЕР

Біздің өңірде он саусағынан өнер тамған ісмер шеберлер аз емес. Петропавл қаласында тұратын Марал Нұрышева мен оның қызы Жұлдызай да – өз ісін дөңгелетіп отырған еңбекқор жандар. Бүгінгі дағдарыстың қыспағы қысқан кезде оған жұмыла істеген жұмыс арқылы төтеп беруді амал еткен анасы мен қызы жақында облыстық “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамынан 2,5 миллион теңге …

ИНЕ-ЖІПТЕН ИГІЛІК КӨРГЕНДЕР Read More »

МӘУЕЛІ БӘЙТЕРЕК

“Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасының бірлігі – Отанның бірлігі, ағайынның татулығы, атамекеннің тұтастығы. Біз жас ұрпақтың білімді, дені сау болуы, әрбір некенің мызғымас берік болуы, қарттардың зейнетті өмір кешуі үшін барлық жағдайды жасап келеміз. Бұл демографиялық ахуалға оң әсерін тигізуде”.

“ҚАРҒЫС АЛМА, АЛҒЫС АЛ”

…“Тұқымыңмен тұздай құры”, – деген қарғыс сөздің бар екенін бәріміз де жақсы білеміз. Ауылдың азаматынан жәбір көрген бір анамыздың осылайша лағнет айтқаны, кейін қарғыс алған жігіттің бауырларымен бірге жол апатына ұшырап, бір отбасының бірнеше адамы мерт болғаны әлі күнге дейін ауылдастарының есінде. Мына бір оқиға да әлі күнге дейін көпшіліктің жадында. Жаз бойы маңдай терімен …

“ҚАРҒЫС АЛМА, АЛҒЫС АЛ” Read More »

УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Қолжазбаларымды ақтарып отырып, “Уақыттың қадірі” деген тіркеске көзім түсті. Ойланып қалдым. Осы біз данагөй бабаларымыз қамшының қысқа сабындай ғана көрген уақыттың шын мәнісінде қадіріне жете алып жүрміз бе? Өмірдің сан саласында маңдай терін сарқып, сіңіріп, өзінің қолтаңбасын қашап қалдырған небір ғұламалардың, ойшылдардың, данышпандардың, ғалымдардың барлығы өз уақыттарын тиімді пайдалану арқылы ғаламның ғажайып сырларын ашты, айтулы …

УАҚЫТТЫҢ ҚАДІРІН БІЛІП ЖҮРМІЗ БЕ? Read More »

АРМАН “АҢСАРЫ”

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен “Инновациялық даму” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған “Аңсар – 2015” жас журналистер мен жазушылар арасындағы әдеби шығармашылық конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанадағы музыкалық академияның ғимаратында өтті.

ЕРЛІГІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАҒАН

Сұрапыл соғыс жылдары қанша алыстаса да, оның салған ауыртпалығы ұмытылмайды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жаңғыра береді. Халқымыздың сонау қиын-қыстау кездегі ерлік істерін, тартқан қасіретін, толарсақтан саз кешіп, қар жамылып, мұз жастанған, сөйтіп қанын да, жанын да аямай құрбан болған арыс азаматтарымыз жайлы айту біздер үшін парыз саналып қала бермек.

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТИІМДІ

Білім саласының маманы болғандықтан, өмірімізде оның ризығын кәдеге асыратын амалдар, қолымызды көздеген мақсатымызға жеткізетін игіліктер де, соған қарама-қайшы жолды бөгейтін жағдайлар да көкейімде жүреді. Осы орайда кейбір түйінді ойларды алға тартуға оқталдым. Мысалы, бұрындары біздің салада оқытудың теориялық жағына көбірек басымдық берілетін де, алған сол білімді іс-тәжірибеде қолдану жағы ақсап жататын. Кеңестік білім беру жүйесінің …

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТИІМДІ Read More »

ҚАЛА КЕЛБЕТІНЕ ТҮСКЕН ДАҚТАР

Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Қала келбеті – көрнекі ақпарат» атты «дөңгелек үстел» өтті. Жиында сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің қате жазылуы, мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттардың жүйелі сипат алмауы сынды мәселелер талқыланды. Шараға облыс орталығындағы жарнама агенттіктерінің басшылары, ірі сауда орындары қатысты

ҚАЗАҚ ТОЙДА ЖҮР

Жүргенінен тұрғаны көп, көнетоз, көксау көліктің проблемасы – менікі. Жүріп-тұрса, майы, суы құйылып тұрса, рөлі – ұлдыкі. Қырық жыл темекі тартқан өзім сияқты, күрк-күрк жөтелетін көксау көлік түнеукүні төбесінен ұрған танадай төрт табандап тұрып қалғаны. Моторының бір тетігі істен шығыпты. Тәлтіректеп тағы да бізге қызмет етуі үшін ауыстырған ләзім. Көлік сайманын сататын дүкендерді сүзіп шықтық. …

ҚАЗАҚ ТОЙДА ЖҮР Read More »