«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бағдаршамға соғылды

Осы айдың басында кешқұрым Ғабит Мүсірепов пен Шоқан Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Аudi С4» автокөлігінің отыз жастағы жүргізушісі қапталдағы арақашықтықты сақтамай бір бағытта кетіп бара жатқан «Daewoo» автокөлігімен соқтығысты. Соның нәтижесінде «Аudi С4» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, бағдаршамға барып соғылған. Содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көліктің мотор бөлігі жана бастаған. Алайда тез жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды бірден ауыздықтаған. Көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Полицейлер келгеннен кейін жол-көлік оқиғасын жасаған жігіт жақын маңдағы үйлердің бірінің ауласынан ұсталды. Алынған сараптамаға сәйкес «Аudi С4» көлігінің жүргізушісі орташа алкогольдік масаң күйде болған. Дене жарақаттарын алған оны полиция қызметкерлері жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізген. Оған амбулаторлық ем қабылдау тағайындалған. Екінші жүргізуші жол-көлік оқиғасында зардап шеккен жоқ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp