«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚТАШЫНЫІҢ ҚАРАСОРАСЫ

«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы асында аудандық және қалалық учаскелік полиция инспекторлары барлық елді мекендерді тексеруді қолға алды. Соның ішінде есепте тұрған адамдарды түгел тексеру жоспарланып отыр.

Тайынша аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі, аға лейтенант Олжас Балтабай мен Келлеровка поселкелік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Виктор Пшеничный Липовка ауылында есірткі заттарын сақтаған 61 жасар бақташыны ұстады. Оның үйінен екі түйіншекке түйілген және бұдан басқа үш сіріңке қорабына салынған, сондай-ақ ысталған пластик бөтелкеде болған кептірілген қарасора табылды. Сонымен бірге тіркелмеген «ИЖ-27» маркалы аңшы мылтығы және 16 калибрлі патрондар анықталды.
Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыжан Ақтановтың айтуына қарағанда, ұсталған адам Липовка ауылының малын бағуға жуырда ғана орналасқан. Ол бұрын есірткі қылмыстарын жасағаны үшін жауапқа тартылған екен. Қазір оның ісі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тергеу жүргізілуде. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp