Соңғы күндердегі қатты аяз полицейлердің жұмыс режімін күшейтуді талап етті. Тәртіп сақшылары, әсіресе, қала сыртындағы жолдар мен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды ерекше бақылауға алды.
Жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бекеттерде жүргізушілерді тоқтатып, алыс сапарға шығуды кейінге қалдыру туралы кеңес берді. Ал жолға шыққан жағдайда көліктің ақаусыз және жанармайының жеткілікті екенін тексеру қажеттігін ескертті. Бұл күндері 55 мекенжайы жоқ қаңғыбас Жұмысшы кентіндегі түнеу орнына жеткізілді. Қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнының бастығы, полиция майоры Руслан Әлібаевтің айтуынша, суық түсе бастаған кезден бері мұнда 2 мыңнан астам адам түнеген.
“Қызылжар-Ақпарат”.