БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТТІ
Соңғы күндердегі қатты аяз полицейлердің жұмыс режімін күшейтуді талап етті. Тәртіп сақшылары, әсіресе, қала сыртындағы жолдар мен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды ерекше бақылауға алды.
Соңғы күндердегі қатты аяз полицейлердің жұмыс режімін күшейтуді талап етті. Тәртіп сақшылары, әсіресе, қала сыртындағы жолдар мен тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды ерекше бақылауға алды.
Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында тұрғындар арасында пиротехникалық заттар үлкен сұранысқа ие болады. Көп адамдар оларды дұрыс пайдаланбау күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыратынын ескере бермейді. Осыған орай тәртіп сақшылары облыс орталығында пиротехника заттарын заңсыз саудалау фактілерін анықтау бағытындағы іс-шараларды күшейтті.
Бүгінде әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдығушылар азаймай отыр. Бұрын бұл дертке көбінесе егде жастағы адамдар шалдықса, соңғы жылдары жастар арасында да жиі кездесуде. Сүт безі қатерлі ісігін тудырушы факторлар әлі анықталған жоқ. Десек те, оған әртүрлі жағдай себеп болуы мүмкін. Бедеулік, гормонды терапия сынды бірнеше белгілер мен сыртқы факторлар қауіпті еселей түседі.
Жаңа жыл қарсаңында облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары үшін бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Желтоқсан айының 29-30-ы күндері орталық алаңда “И певцы, и музыканты – новогодние таланты” музыкалық-ойын-сауық және “ДЕТскотека со сказочными героями“ балаларға арналған бағдарламалары ұсынылады.
Бұрынғының адамдары басқаша еді ғой: мәселен, кешегі кеңестік кезеңдегі алпыс үйлі Өрнек ауылының (қазіргі Есіл ауданындағы) егде қауымының өкілдері бір-бір тұлға болып көрінетін. Солардың бірі емес, бірегейі деуге болатын марқұм Құдайберген Қуандықовтың (1900-1973) есімі еске түспей қоймайды. Қазіргі Шал ақын және Есіл аудандарының бірқатар мектептерінде еңбек еткен майталман мұғалім еді. 1953 жылы Еңбек Қызыл Ту …
Халқымыз “Бірінші байлық – денсаулық” деп бекер айтпаған. Адам дертке шалдықса, қызылды-жасылды дүниенің еш қызығы қалмайды. Өзім күн сайын еміне – шипа, дертіне – дауа іздеген жандардың жанарынан осыны ұққандаймын.
Алдыңғы буынның толысқан тәжірибесін кейінгі толқыны жалын-жігерімен жалғай білсе, бұл қоғамның қашанда мерейі үстем болмақ. Әсіресе, ғылыми-техникалық даму заманында, бәсекелестіктің бәсі жүріп тұрған уақытта жастардың белсенділігі аса қажет. Ол үшін, әрине, осы буынға деген қамқорлықтың күшейтілгені маңызды.
Биыл Франция төрінде 71-ші мәрте ұйымдастырылған Канн кинофестивалі еліміз үшін табысты болғаны сөзсіз. Режиссер Сергей Дворцевойдың “Айка” фильмінде басты рөлді сомдаған қазақтың талантты қызы Самал Есләмова топ жарып, “Үздік әйел рөлі” аталымында жүлдегер атанғанын естігенде, қуанбаған қазақ кемде-кем шығар. Төрткүл дүниені талантымен табындырған жерлесімізбен “Soltústіk Qazaqstan” газетінің ұжымы да емен-жарқын әңгімелесіп, сыр-сұхбат алған болатынбыз.
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында петропавлдық “ViZaVi Company” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі “Қазақстанның үздік тауары” республикалық сайыс-көрмесінің “Үздік азық-түлік тауары” аталымында жеңіске жетті. Бұл облыс кәсіпорындары үшін үлкен табыс.
Мен – ауылдың баласымын. Жасөспірім шақта Петропавл қаласына келіп, спортқа алғаш қадам бастым. Содан бері спорт менің өміріме айналды. Менің тілекшім – жерлестерім. Байрақты бәсекелерде туған елімнің, сенімін ақтауға барымды саламын. Менің әрбір жетістігім туған еліме арналады. Міне, санаулы күндерден кейін біз тағы бір белеске қадам басқалы тұрмыз. Азия ойындарында екі алтын алдық. Біз өзіміздің …
“Ата өнері – балаға мұра” демекші, ата-бабамыздан қалған ұлттық құндылықты жалғастыру менің де пешенеме бұйырыпты. Өнер жолының бұралаң-бұлтарысы көп болса да, жүрегің қалаған салада жұмыс істеу шын бақыт. Қазақтың күйініші мен сүйінішін домбыраның сырлы сазы арқылы тыңдарманның жүрегіне жеткізу – біздің басты міндетіміз.
Қызылжарлық Мұхаметжан ақсақал биылғы ақпанның 20-сын өзінің екінші туған күні деп есептейді. Себебі, сол күні ол алапат өрттен аман қалып, тоғыз күн бойы аурухананың жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатты. Өзін қызыл жалыннан кім құтқарғанын кейін журналистерден естіді. Содан бері облыстық полиция департаментінің қызметкері, аға сержант Сұлтан Қуанышевтің есімін аузынан тастамай, үнемі тілеуін тілеп отырады.
2019 жылы қазақстандықтарды көптеген өзгерістер күтіп тұр. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік саланы қамтитын болады, осындай өзгерістердің бірқатарына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік.
Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Жаңа 2019 жылмен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар! Жаңа жыл мерекесі – бұл отбасымыздың, туған-туысқандарымыздың ортасында атқарылған істерімізді қорытындылап, болашаққа жоспар құратын уақыт.
Биыл Қазақ елі тәңірі берген Тәуелсіздігінің, арайлы азаттығының жиырма жетінші жылдығын атап өтті. Түп шежіресі сонау ежелгі сақтардан бастау алатын “мың өліп, мың тірілген” қазақ халқының бағзы заманнан бері өзінің қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Ерке Есілдің бойында орналасқан Қызылжар өңірі де тәуелсіздік жылдары әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы …
Кеше облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, үстіміздегі жылы атқарылған жұмыстар ортаға салынды. Шарада аға ұрпақ өкілдеріне қамқорлық пен жанашырлық танытқан бірқатар кәсіпкерлерге құрмет көрсетілді.
Облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы, Солтүстік Қазақстан фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығының ортақ келісімімен өңірімізде бірқатар дәрілердің бағасы арзандады.
Осыдан екі жыл бұрын Петропавлда “Дара” қайырымдылық қоры мен облыс әкімдігінің қолдауымен психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылған болатын. Осы күнге дейін кабинет қызметіне 300-ден астам ерекше қажеттілігі бар баланың ата-анасы жүгінген. Облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет орталыққа ат басын тіреп, балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сыйлықтар тарту етті.
Үстіміздегі жылдың қазан айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ішкі істер органдарына бірқатар міндеттер жүктеді. “Қоғам тарапынан білдірілген сенім деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс”, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы. Осы міндеттерді жүзеге асыру бағытында өңіріміздегі …
“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы саяси кеңесінің үстіміздегі жылғы соңғы отырысында 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасының өңірімізде орындалуы және “Жас Отан” жастар қанаты облыстық филиалының жұмысы қаралды.