«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫЛАУ – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУДІҢ ТЕТІГІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы 2014 жылы 276 бақылау іс-шараларын жүргізіп, оның барысында 232 бақылау нысанын қамтыды, соның ішінде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын – 11, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 149 мемлекеттік мекеме және 72 шаруашылық субъектісі тексерілді.

Есепті кезеңде анықталған заңнама бұзушылықтың жалпы сомасы 43244,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

– бюджеттік заңнаманы және басқа қаржы тәртібін бұзушылық – 22567,4 млн.теңге;

– мемлекеттік сатып алуды жүргізген кездегі тәртіп бұзушылық – 7684,7 млн. теңге;

– жергілікті бюджеттерді әзірлеу, бекіту және нақтылау тәртібін бұзушылық – 6656,4 млн.теңге;

– бюджеттік есеп жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін бұзушылық – 6336 млн.теңге.

Сонымен бірге, инспекцияның мамандар ретінде құқық қорғау органдарымен тексеріске тартылған қызметкерлері 114 бақылау қорытындысын шығарып, жалпы сомасы 4758,7 млн. теңгенің бюджеттік және басқа да заңнама бұзушылықтарын анықтады.

Бақылау қорытындылары бойынша қолданылған іс-шаралардың арқасында өтелуге және қалпына келтіруге жататын 4680,9 млн. теңгенің 4657,2 млн. теңгесі немесе 99,5 пайызы бюджет кірісіне аударылды және қалпына келтірілді.

Процессуалды шешім қабылдау үшін жалпы сомасы 3499,4 млн. теңгенің 56 бақылау материалы құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Тексерілген бақылау нысандарының 347 лауазымды тұлғасы заң бұзушылыққа жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бюджет заңнамасын, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептеме аясындағы заңнамаларды бұзуға жол бергені үшін сомасы 17,8 млн. теңгенің 135 әкімшілік жаза белгіленді, есепті мерзімде оның 8,5 млн. теңгесі бюджет кірісіне аударылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында мемлекеттік сатып алу жүйесінің ерекше сыбайлас жемқорлық саласына жататыны атап өтілді. Өйткені, әрбір 4-ші сыбайлас жемқорлық қылмысы осында жасалады. Соған байланысты инспекция өзінің өкілеттілігі шегінде тұрақты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жүргізеді.

2014 жылы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы мәселесі бойынша 229 тексеріс жүргізді, соның ішінде 158-і – жоспарлы, 71-і – жоспардан тыс (заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 58, құқық қорғау органдарының қаулылары бойынша – 8, жоғары органдардың тапсырмалары бойынша – 4, депутаттардың сұраулары бойынша – 1, басқалары – 1), оның ішінде мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен заң бұзушылықтарды тексеру 140 немесе 61 пайызды құрайды.

Жүргізілген бақылау жалпы сомасы 17 069,2 млн. теңгенің мемлекеттік сатып алуын қамтыды, оның нәтижесі бойынша сомасы 7 684,7 млн. теңгенің мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен 1 069 заң бұзушылық анықталды.

Сөйтіп, конкурстарды өткізген кезде конкурстарға қатысудан конкурстық өтінімдердің заңсыз ауытқуы байқалған 4621,3 млн. теңге сомасында заң бұзушылық ашылды; конкурсқа қатысуға ықтимал өнім жеткізушінің негізсіз жіберілуі; конкурстық құжаттамада мемлекеттік сатып алу туралы заңда көзделмеген біліктілік талаптарының белгіленуі; заңсыз шарттық жеңілдіктердің қолдануы; конкурстық құжаттамада тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ, сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген ықтимал өнім жеткізушіге тиесілігін айқындайтын өзге де сипаттамаларға сілтемелердің жасалуы анықталды.

Мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен өткізуде 2 710,7 млн. теңге сомасында заң бұзушылық, сонымен бірге ықтимал жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада қарастырылған құжаттардың толық пакетін ұсынбағаны; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының ықтимал жеткізушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақырту қағазын жібермегені анықталды.

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде анықталған заң бұзушылықтың сомасы 297,8 млн. теңгені құрады, олар мемлекеттік сатып алудың вебпорталында жоспарланған мемлекеттік сатып алу жөніндегі ақпаратты орналастыру мерзімінің бұзылуынан; ықтимал өнім жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген талаптардың асыра белгіленуінен; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген жағдайларда тауарлар, жұмыстар және қызметтердің мемлекеттік сатып алуын жүзеге асыруда лоттарға бөлінбегенінен көрініс тапты.

Инспекция жүргізген бақылаудың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 227,8 мың теңгенің 6 мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күші жойылды; сотқа мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңды емес деп тану туралы 9 өтінім-арыз тапсырылды (оның ішінде 3-еуінен – бас тартылды, 4-еуі – қанағаттандырылды, 2-еуі – өндірісте); 2 лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлық жауапкершілігіне, 94 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сомасы 4,9 млн. теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза салу туралы 59 қаулы шығарылды, оның 2,6 млн. теңгесі бюджет кірісіне қайтарылды.

Анықталған заң бұзушылық өкілетті органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері мен мемлекеттік сатып алуды өткізетін тікелей ұйым басшыларының тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін, кей жағдайларда қолданыстағы заңнамаларды дұрыс білмейтіндерін көрсетті.

Инспекция бұл бағыттағы мемлекеттік бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануда қаржылық және басқа да заң бұзушылықтарды ескерту және алдын алу бойынша атқарылатын нақтылы жұмысты тұрақты түрде жүргізуде.

Зәуреш ҚАПАРОВА,

облыстық қаржы бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp