20 жылдан бері іздеуде жүрген Петропавл қаласының тұрғыны Беларусь елінде құрықталды.
1993 жылы бір топ жігіт қаланың орталық көшелерінің бірінде өтіп бара жатқан адамды соққыға жыққан. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қылмыскерлердің бірі әйелі мен баласын тастап, шекара асып кеткен. Тек үстіміздегі жылы солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары қашқынның Беларусьтің Гродно қаласында тұрып жатқанын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам ұзақ уақыт бойы Ресей Федерациясының Мәскеу облысында жасырынып келген. Полицейлердің қолына түспеу мақсатында ата-анасымен де араласпаған. Ал 2006 жылы Беларуське көшіп, соңғы уақытқа дейін кеңестік ескі төлқұжатпен жүрген.
Қазір 48 жастағы қылмыскер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.