«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БЕРІК БІЛӘЛОВ – “ЖЫЛ АДАМЫ”

Еліміздің Журналистер одағының облыстық филиалының ұйғарымымен ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов “Жыл адамы” атанды. Өңіріміздің бас полицейіне арнайы дипломды аталмыш ұйымның төрағасы Ерлан Тоқшылық пен оның орынбасары Зәуре Жұмалиева табыс етті.

Журналистер Берік Сұлтанғазыұлының департаментті басқарудағы тың бастамаларын ескерген. Сондай-ақ, оның қолдауымен Кеңес Одағының Батыры Филипп Чижиковке туған ауылында ескерткіш тақта ашылды. Тәртіп сақшылары – әрқашан қайырымды істердің жоқтаушысы. Олар облыстық тірек-қимыл жүйесі зақымданған балалар мектеп-интернатының тәрбиеленушілері үшін иппотерапия сеанстарын өткізіп тұрады. Полиция ардагерлерін де назардан тыс қалдырмай, қамқорлық көрсету дәстүрге айналған. Тұрмысы төмен отбасыларға көмек беру мақсатында арнайы әлеуметтік жобалар қолға алынған. Берік Біләловтің қолдауымен полицейлердің өнерлі балалары биыл ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, жетімдер және қарттар үйлерінде концерт берді. Басқа да игі істерге ұйытқы болған облыстың бас полицейі алдағы уақытта да сенім биігінен көрінуге ниетті екенін айтты.  

Енді жыл сайын өткен кезеңде табысты еңбегімен көзге түскендер арасынан “Жыл адамын” анықтау дәстүрге айналатын болады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp