«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.12.2015

Бахтияр ҚОЖАТАЕВ: “АРМАНЫМ – ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ”

Бүгінде оң мен солын айырып, алдағы күнін болжай алатын кемел жастар қай салада болсын толағай табыстарға қол жеткізіп, өз саласының үздіктері атануда. Ата-бабаларымызға арман болған ел тәуелсіздігі берген зор мүмкіндікті пайдаланып, әр салада Қазақстанның атын шығарып жүрген сол жастарды еліміздің ертеңі десек, қателеспеспіз. Ел көлемінде танылып үлгерген спортшы – “Astana Pro Team” кәсіби велокомандасының белді …

Бахтияр ҚОЖАТАЕВ: “АРМАНЫМ – ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУ” Read More »

ДЕПОЗИТТЕРГЕ – МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІК

Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында Президентіміз Н.Ә.Назарбаев елімізде экономиканы долларсыздандыру жалғасатынын айтқан және қазақстандықтарды «теңгемен» өмір сүруге шақырған болатын. Бұл туралы жыл бойы күйзеліс жағдайларына қарамастан жыл нәтижесі бойынша теңгелік депозиттерді арттыруда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында да айтып келді.

ЖІГЕР ДЕГЕН БІР КҮШ БАР…

Петропавлдың “Құлагері” 19 желтоқсанда Рудныйдың «Горнягын» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесу соңында клуб басшылығының команданың қыркүйек, қазан, қараша айлары бойынша ең үздік ойыншыларын анықтау үшін алдын ала сұрау салуына орай ғаламтор арқылы жинаған дауыстарын ең көп алғандар үш шабуылшы – Ильгиз Нуриев, Артем Сенькевич және Владислав Никулин марапатталды.

ҚАЙ “МЕКТЕП” АЯЛДАМАСЫНАН ТҮСЕСІЗ? Немесе шатастыратын бірыңғай атаулар

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алынған мәлімет бойынша, Петропавлда 25 автобус бағыты жолаушыларға қызмет көрсетеді. Осы бағыттардың бойында 364 аялдама орналасқан. Облыс орталығындағы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын автобус бағыттары, олар тоқтайтын аялдамалар жергілікті тұрғындарға қолайлы болу үшін жасалады. Бұл тұрғыда Петропавл қаласында біршама ауқымды істер атқарылып жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Алайда, …

ҚАЙ “МЕКТЕП” АЯЛДАМАСЫНАН ТҮСЕСІЗ? Немесе шатастыратын бірыңғай атаулар Read More »

БЕРІК БІЛӘЛОВ – “ЖЫЛ АДАМЫ”

Еліміздің Журналистер одағының облыстық филиалының ұйғарымымен ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов “Жыл адамы” атанды. Өңіріміздің бас полицейіне арнайы дипломды аталмыш ұйымның төрағасы Ерлан Тоқшылық пен оның орынбасары Зәуре Жұмалиева табыс етті.

ШЫНАЙЫ ШАТТЫҚ

Барша қазақстандық үшін маңызы зор мереке – Тәуелсіздік күні “Болашақ” бөбекжай-балабақшасында аталып өтті. Балалардың патриоттық сезімін, Отанға сүйіспеншілігін арттыра түсуге бағытталған шара аясында тәрбиеленушілер мемлекетіміздің Гимнін орындап, ерекше көңілкүйге бөленді. Концерттік бағдарлама аясында тұлымдылар мен бұрымдылар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық ойындарға қатысты. Тәуелсіз елдің ұландары жас мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктерін паш еткен тәрбиешілердің төл …

ШЫНАЙЫ ШАТТЫҚ Read More »

КЕМЕҢГЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫН ТАНИ ТҮСТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем таныған жасампаздық қасиетін жас оқырмандардың зердесіне құю, олардың рухани білім көкжиегін кеңейту мақсатында балалар мен жасөспірімдердің Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық кітапханасының қызметкерлері “Президентпен бірге қуатты Қазақстан!” деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды.

ЖАҢА ЖЫЛДА – ЖАҢА ТАРИФ

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Өтегенов баспасөз мәслихатында 2016 жылдан бастап жылу тарифінің өзгеруіне қатысты түсініктеме берді. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтің өзгеруі туралы хабарлама жасаған Арман Өтегенов аталмыш департамент жұмысының шеңберінде қабылданған шешімдермен таныстырды.

АУЫЛДЫҢ АРДАҚТЫСЫ

Адам баласына бәйтеректей тамырын тереңге жайған анадан жақын, анадан ардақты жан жоқ десек, артық айтқандық емес. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жан, отбасының алтын қазығындай, елінің сый-құрметіне бөленген, бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан аяулы ана, Айыртау ауданының Елецкое ауылында тұратын замандасым Күлбаршын Аяпбергенқызының өмірі көз алдымызда өтіп келеді.

БЫЛҒАРЫ ЕТІК БІЗДЕ ДЕ БАР, БІРАҚ …

Аяқкиім – тез тозатын бұйым. Дегенмен, бүгінгі тұтынушылардың көбі таңдағанын емес, қолы жеткенін киеді. Өйткені, Қазақстанның кенжелеп қалған жеңіл өнеркәсібі тұтынушыларды өз өнімдерімен қамтамасыз ете алмай, шетелдік тауарларға иек артып келе жатқанымызға да біраз жыл болды. Кезінде жап-жақсы жұмыс істеген кәсіпорындардың бүгінде бары-жоғы белгісіз. Нарықтағы бәсекелестік еңсе көтертер емес. Аталмыш өндіріс саласына түбегейлі бетбұрыс жасап, …

БЫЛҒАРЫ ЕТІК БІЗДЕ ДЕ БАР, БІРАҚ … Read More »

ЕЛБАСЫ ІСКЕ ҚОСҚАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Биыл Елбасы жалпыұлттық телекөпір аясында іске қосқан инновациялық жобалардың ішінде Петропавлдағы “Радуга” ЖШС-нің құрғақ таңғы ас пен түрлі қауыздар өндіретін зауыты да бар. Дмитрий Шарапаев басқаратын компания жаңа өндіріс орнында 32 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Зауыттағы заманауи қондырғыларда еңбек ететіндердің бірі – қауыз өндірісінің операторы Жақсылық Елеуке.

ДАҒДАРЫСҚА ДАЙЫНБЫЗ

Экономикалық дағдарыс, әлемдегі саяси шым-шытырық. Қазіргі жағдай, шын мәнінде, күрделі. Біз өзіміздің, еліміздің тағдырына алаңдаймыз және Елбасымыздың саяси мәлімдемелерін өте мұқият қадағалап отырамыз. Жыл сайынғы Жолдауларында ол біздің еліміздің бағыты қандай екендігін, өміріміздің әртүрлі салаларында не болып жатқандығын айтып отырады.

ЗАМАН ТАЛАБЫМЕН ҮНДЕС

“Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” Жолдауында Президентіміз елдің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында екендігін айтты. Бүгінде білімге құштар, талапты жастарға еліміздің іргелі жоғары оқу орындарында немесе шетелдің тәжірибелі білім ошақтарында оқуға мүмкіндік зор. Еліміздің түкпір-түкпірінде 20 Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылуы білім саласын нығайтуға деген ұлт жоспары болды.

ҚИЫНДЫҚТЫ ҚАРСЫ ЖҮРГЕН ЖЕҢЕДІ

Үстіміздегі жылдың 30 қараша күні жарияланған “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты Жолдау еліміздің даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Бүгінгі күні жағамыз жайлауда, жайбарақат жүретін уақыт емес екендігін еске салған Президентіміз белін бекем буған, бірлікті ту еткен, ерінбей еңбектенген халық қана қиындықты еңсере алатынын жеткізді. “Бүгінгі ахуал – жетістіктерімізді сынға алып, елдігімізді …

ҚИЫНДЫҚТЫ ҚАРСЫ ЖҮРГЕН ЖЕҢЕДІ Read More »

ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Мемлекет басшысы “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму” атты биылғы Жолдауында тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа бағдарламалар серпін алатынын айтты. Осыған орай әлеуметтің әлеуетін көтеру бағытында атқарылған және алдағы күндерге жоспарланған жұмыс жөнінде бізге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасов әңгімелеп берді.

АСЫЛТҰҚЫМДЫ МАЛ – МОЛШЫЛЫҚ КӨЗІ

Талғат Мейрамов жетекшілік ететін “Атамекен-Агро-Шұқыркөл” ЖШС мал шаруашылығымен де айналысады. Қазір серіктестікте 10 бас бұқа, 39 бас бұқашық, 133 бас сиыр, 207 бас тайынша, 10 бас торпақ бар.

“ДАМУДЫҢ” ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУЫ

Петропавл қаласындағы “Даму” қоры филиалының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жастар кәсіпкерлігін қолдауға арналған бағдарлама аясында старт-ап жобаларының бизнес-идеялар марафоны өтті. Оған өз ісін жаңа бастаған және ықтимал 23 кәсіпкер қатысты.