«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БИОХИМ” ҚАЙТАДАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Осыдан 10 жыл бұрын Тай­ынша ауданында ин­дус­­триялық-инновациялық жә­не агроазық-түлік бағ­дар­ла­ма­лары бойынша 10 миллиард те­ңгеге “Биохим” өндірістік ке­шені бой көтеріп, ТМД-дағы тұңғыш озық технология ретінде бағаланды.

Сапасы тө­мен, сұрыбы нашар бидайды қалдықсыз өңдей отырып, ас­тық балуызын, биоэтанол алу, бензиннің осы қоспасы арқылы ауаға шығарылатын зиянды заттар мөлшерін 30 пайызға дейін азайту міндеті қойылды. Алайда, “ХХІ ға­сырдың биотехнологиялық клас­тері” деген жанама атау берілген кәсіпорын кре­д­иторлық қарыздардың кө­беюі, тағы басқа себептер сал­дарынан ауыл­шаруашылық өнім­де­рінің бәсекеге төтеп беру қа­бі­леттілігінен айрылып, өз жұ­мысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Енді, міне, қалталы алпауыттар жеті жыл бойы қаң­та­рылып тұрған зауытты тездетіп қалпына келтіруге кірісті. Облыс басшысы Ерік Сұлтанов Тайынша ауданына барған жұмыс сапарында өндіріс орнында болып, инвес­торлармен кездесті. Әңгіме барысында кешенді іске қо­суға дайындық шаралары тал­қыланды. “Bio Operations” ком­паниясы “ҚазМұнайГаз” АҚ және “BioLinekz” ЖШС-нің қатысуымен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Диірмен, одан кейін крахмал, ұлпа өндіретін цехтар жаңартылады. Оларға құ­рал-жабдықтар Кытайдан, Ресей­ден, Түркиядан, Англиядан әкелініп, орнаты­ла­­ды. Ұнға деген іш­кі-сыр­т­­қы сұраныс ескеріліп, қа­зан­дықтарды, қоймаларды, диір­мендерді жедел іске қосу тап­сырылды.

Іскерлік кездесу ба­ры­сын­да кешеннің сумен жаб­дық­­талуына, электр жа­ры­ғы­­на, жылу жүйе­­сіне қо­сы­луы­­на барлық тех­ни­ка­лық мүм­кін­дік­тердің жұ­мы­л­ды­ры­ла­тыны, бөгесін болмайтыны ай­тылды.

“BioLinekz” ЖШС-нің жоба­лау жөніндегі директоры Жандос Есенбайдың айтуынша, бүгінде кешенге су, телефон, электр желілерін тартудың техникалық шарттары жасалып, қондырғылар сараптамадан өткен. Жоспар бойынша ірі өндіріс ошағында 220 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp