Сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру аясында “Нұр Отан” партиясы әрбір қазақстандықтың тұрмыс сапасы біркелкі жоғары болуы тиіс деген қағидатқа сүйене отырып, “Біздің ауыл” – “Наше село” партиялық жобасын бастайды. Сондықтан партия өзінің бүкіл күш-жігерін ауылдағы тұрмыс деңгейін арттыруға жұмылдырғалы отыр.
Елді мекендерді көркейту, ауылда сапалы тұрмыс жағдайын жасауды мақсат еткен, партиялық жоба “Ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесі” ҚҰ, “Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің кәсіподақтар одағы” ЗТҚ, “Қазақстанның фермерлер одағы” РҚҰ, Өңірлік даму министрлігі мен Білім беру және ғылым министрлігінің көмегімен жүзеге асырылады.
Жобаны жүзеге асыру аясында ауыл аймақтарын тазарту мен көркейту, жасыл желектер отырғызу және күту, гүлзарлар егу мен оларға күтім жасау, саяжолдар мен саябақтарды санитарлық тазарту, көше қоршауларын, бағандар мен шағын сәулеткерлік ғимараттарды сырлау мен әктеу жүргізіледі. Сонымен бірге, бей-берекет төгілген қоқыс орындары жойылады, су жағалауларын көркейту, ашық ауладағы спорт алаңдары мен мектеп стадиондары көркейтіледі, ауыл іші жолдары, жаяу жолдар жөнделеді және қалпына келтіріледі, ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандар (мектептер, клубтар, Мәдениет үйлері, фельдшерлік-акушерлік нысандар және басқалары) жөнделеді. Тағы бір атқарылатын маңызды іс – ұялы және Интернет байланысының сапасы жақсартылады.
“Қызылжар-Ақпарат”.