«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІЛІКТІ БРИГАДИР

“Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыс орталығының тұрғындарын тіршілік көзімен қамтамасыз етіп отырған стратегиялық маңызы зор кәсіпорын. Бүгінгі күні серіктестікте бір мыңға жуық маман қызмет етуде. Солардың бірі – жөндеу-механикалық шеберханасының бригадирі Бердімұрат Дүйсембаев.

Ол еңбек жолын су құдықтарын жөндеумен айналысатын темір ұстасы болып бастаған. Қазіргі уақытта шеберханада қызмет ететін отыздан астам маманға бар білгенін үйретуде.
– Біздің негізгі қызметіміз – апаттық жағдай орын алған кезде істен шыққан кез келген құрал-сайманды жөндеп, жұмыстың тоқтап қалуына жол бермеу. Қазір жағдайымыз жақсы, күнделікті жұмысымызға қажетті қосалқы бөлшектер уақтылы келіп тұрады. Жалпы сорғы құрылғылары мен су құдықтарына да жөндеу жұмыстарын жүргіземіз, – дейді ол.
Жөндеу-механикалық шеберханасындағы темір ұста, металл жонушы, фрезерші, электр-газбен дәнекерлеуші сияқты мамандар үш бригадаға бөлінген. Олар қатаң тәртіпке бағынып, өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан жөндеу бригадаларын қажетті құрал-саймандармен қамтып отыратын бұл шеберхананың жұмысы бір тоқтамайды.


Қанат АТАМАНОВ, “Soltústik Qazaqstan”.

СУРЕТТЕ: (солдан оңға қарай) бригадир Б.Дүйсембаев; шеберхана басшысы С.Ысқақов.
Суретті түсірген Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp