«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“БІРГЕ – ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен “Бірге – Таза Қазақстан” акциясы өтті. Оған “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы, “Ұлттық ақпараттық технологиялар”, “Қазтелерадио”, “Қазақтелеком” және “Мемлекеттік радиожиілік қызметі” АҚ-ларына бағынышты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

“Бірге – Таза Қазақстан” науқаны жалпыұлттық сипатқа ие болды. Еліміздің әр түкпірінде оның өткізілуіне қолдау көрсетілді. Бұл жолы акцияға қатысушылар Петропавл қаласының солтүстігіндегі Мещан орманын тазартуға шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізгі мақсат елдегі экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.

“Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Еркін Жұмабайдың айтуынша, облыс бойынша бұл науқанға 400-ден астам адам қатысты. Тазалық акциясынан аудандық филиалдар да қалыс қалмады. “Осылайша еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға септігімізді тигізіп, жас буынға үлгі көрсетпекпіз”, – деді Еркін Жұмабай. 

“Қазақтелеком» АҚ филиалының сату жөніндегі маманы Динара Ходжаева: “Біз бұл науқанға бей-жай қарай алмадық. Керісінше, өзіміз де атсалысуға асықтық. Себебі, қала тазалығы оның тұрғындарына тікелей байланысты”, – деп өз ойымен бөлісті.
Петропавл қаласы бойынша акцияға барлығы 200 адам қатысты. Олар 3 тонна қоқыс жинап, 10000 шаршы метр аумақты тазартты.


http://petropavltv.kz  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp