«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бірлік — қуатты күш

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінге дейін көптеген игі істердің бастамашасы бола білді. Тұрақтылық пен өзара түсіністіктің бірегей моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып ке­леді. Оның 25 жылдығына орай жас волонтерлердің, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен С.Мұ­қанов атындағы ғылыми-әмбебеп кітапханада “Қазақтану” ғылыми-ағартушылық жобасы шең­бе­рінде “Мен қазақпын” атты онлайн акция өтті. Маңызы зор шараны облыстық “Азаматтық альянс” бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша ұйымдастырды.

Жиынды Қазақстан халқы Ассамблеясының бас­пасөз қызметінің сарапшысы, “Рухани даму” қоғам­дық қорының төрайымы Камал Әлпейісова жүргізіп отырды. “Дөңгелек үстелдің” модераторы өз сөзінде жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп отырған басты құндылықтарға кеңінен тоқталып, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу мен табыстарға жетудің кілті, басты шарты достыққа негізделгенін атап өтті.

– 2020 жыл – бәріміз үшін айрықша жыл. Ширек ға­сыр ішінде еліміз небір қиындықтарды бастан өтке­ріп, өз даму жолын тапты. Тұңғыш Президентіміз Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған біре­гей институт тәуелсіздігіміздің орнығуына тірек бо­лып келеді. Қазақ халқы мен оның маңайына топтасқан өзге этностар “Қазақстан – біздің ортақ Отаны­мыз!” деген ұранмен бірігіп, егемендігіміздің 30 жылдығына үлкен табыстармен келіп отыр, – деді Камал Әл­пейісова.

Ішкі саясат басқармасының бөлім жетекшісі Әсем Нұрланқызы, “Қоғамдық келісім” ММК басшысының орынбасары Мария Татаренко елімізде бейбітшілік пен ынтымақты сақтауға Қазақстан халқы Ассам­блеясының жергілікті бөлімшелерінің, этномәдени бірлестіктердің қосып отырған үлесін, атқарылған іс-шараларды баяндады.

Жанат МҰХАМЕДЖАНОВ,

“Азаматтық альянс” ұйымының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp