«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір жылда үш рет ұсталған

Ақжар ауданының Горьковское ауылында «Приора» автокөлігінің жүргізушісі жол шетіндегі металл аркаға соғылып, қоршауларды зақымдаған. Медициналық куәландыру 42 жастағы ауыл тұрғынының мас екенін растады. Ол бір жылдың ішінде осымен үшінші рет полицияға мас күйде ұсталып отыр. Бірінші рет ақпан айында ол көлікті мас күйде басқарғаны үшін жүргізу құқығынан жеті жылға айырылған және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған. Алайда бұл оған сабақ болмапты. Шілде айында осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін ол сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тартылып, өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылған. Үшінші рет көлікті мас күйінде жүргізген ол енді қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.

Ал Аққайың ауданында көлікті мас күйде басқарудың соңы ауыр жағдайға соқтырды. Қиялы елді мекенінің 25 жастағы тұрғыны спирттік ішімдік ішсе де рөлге отырып, Астраханка ауылының маңында көлік тізгініне ие бола алмай аударылған. Соның салдарынан «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға емделуге жатқызылды.
Жыл басынан бері облысымыздың жолдарында 851 мас жүргізуші ұсталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp