«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІР ЦЕНТНЕР ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Қырғызстан Республикасының азаматы 100 килограмнан астам есірткімен ұсталды. Күдікті облыс орталығының Интернационал және Астана көшелерінің қиылысында құрықталған. Полицейлер “Isuzu Ascender” маркалы автокөлігін тексеру кезінде қырғыз азаматынан өсімдіктектес зат салынған үш сөмкені тәркіледі. Кейін сот-медициналық сараптамасы сөмке ішіндегі зат кептірілген марихуана екенін анықтады.

Бүгінгі күні полицейлер марихуананың қайдан әкелінгенін және ұсталған азаматтың оны қандай мақсатпен сақтағанын анықтау үстінде. Күдікті тергеу оқшаулағышына қамауға алынды. Есірткіні елімізге алып кірген азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл баптың санкциясымен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделеді.  

Былтыр тәртіп сақшылары 320 килограмнан астам есірткі тәркілеп, 334 қылмыстың бетін ашқан.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp