«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 08.01.2016

ҚАМҚОРЛЫҚҚА РИЗАМЫЗ

Жаңа жыл қарсаңында облыстық іскер әйелдер қауымдастығы және “Қызылжар аналары” қоғамдық бірлестігі көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың сәбилері үшін мерекелік шара ұйымдастырды. Тәтті тағамдар қойылған мерекелік дастарқан басына аналар мен балалар жиналып, дәмді шай ішіп, әсем ән тыңдап, көңілімізді көтердік. Ұйымдастырушылар балаларымызға көтеріңкі көңілкүймен қатар, сыйлықтар ұсынды. Бұл – жыл сайын жалғасын табатын қайырымдылық шарасы. Облыстық …

ҚАМҚОРЛЫҚҚА РИЗАМЫЗ Read More »

ШАШ ҚОЮ ДӘСТҮРІН ҰМЫТТЫҚ ПА?

Адамның көрікті, тартымды болып көрінуіне шаш үлгісі де көп әсер етеді. Сондықтан да қыз-келіншектер шаштарын қиып, бояп, сән әлемінің жаңашылдықтарынан қалмауға тырысады. Бірақ сән өз алдына, бағзы заманда қазақ тұрмысында ұлдар мен қыздардың шаш үлгісіне көп мән берілген. Ұлдарға – кекіл, айдар, қыздарға тұлым қойған. Ал қазір осындай дәстүр жалғасып келе ме? Бүгінгі сауалнамамызда осы …

ШАШ ҚОЮ ДӘСТҮРІН ҰМЫТТЫҚ ПА? Read More »

ҚОС БӘЙТЕРЕК

“Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ” деген қазақтың дана сөзі ата-анамды көрген сайын көмейімнен әуенмен естілетіндей. Бұл өмірде маған және бауырларыма Алланың үлкен сыйы бұйырған. Үлкеніміз зейнет жасына жетсе де, балалық қылықтармен қоштасуға асықпаймыз. Өйткені, алдымызда асқар таудай әкеміз бен әр сөзінен мейірім төгілетін анамыз бар. Бұл ардақты жандар …

ҚОС БӘЙТЕРЕК Read More »

МЕНІҢ ӘКЕМ

Бауыр еті – баласы үшін өмірдің ауыртпалығына қасқайып қарсы тұрып, перзентіне лайықты тәрбие беру барлық әкелердің қолынан келе бермейді. Анамды жоқтатпаған әкем Кеңес Омарұлының жақсы ұл-қыз өсіру жолындағы орасан еңбегі жайлы сөз етпекпін. Мен үшін өмірдегі ең қымбат жан-анашым төсекке таңылып, аурудың құрсауында қалды. Сол кезде мен бар болғаны үш-төрт жаста едім. Анамның ауруы ұзақ …

МЕНІҢ ӘКЕМ Read More »

ЖИЕНДІК ДӘСТҮРІН ЖОҒАЛТПАЙЫҚ

Ата-анама еріп, нағашыларыма барғанда анамның төркіні жаны қалмай құрақ ұшып, құрмет көрсеткенін қаншама жылдар өтсе де, ұмытқан емеспін. Ал жолға жиналғанда нағашы әжемнің: “Жиендікке қалағаныңды ал”, – дегені есімде. Нағашыларымыз барған сайын қанжығамызды майлап, қуантып жіберуші еді. Сол кезде “жиендік” деген сөздің мағынасын түсінбеген шығармын, бірақ өсе келе осы дәстүр нағашы мен жиен арасындағы әдемі …

ЖИЕНДІК ДӘСТҮРІН ЖОҒАЛТПАЙЫҚ Read More »

ЖАҢА ЖЫЛ СЫЙЫ – ТОҒЫЗ СӘБИ

Облыстық перинаталды орталықтан бізге хабарлағанындай, өткен жылдың соңғы күні 9 сәби дүниеге келсе, қаңтардың 1-5-і аралығында өмір есігін ашқан сәбилер саны 34-ке жеткен. – Жаңа жыл күні босанған аналардың көңілкүйлері жаман емес. Алды үйлеріне оралды. Жалпы жыл жақсы басталды. Алда әлі де сүйінші сұрар сәттер көп болады деген үміттеміз, – дейді аталмыш орталықтың бас дәрігері …

ЖАҢА ЖЫЛ СЫЙЫ – ТОҒЫЗ СӘБИ Read More »

ЖЕЛІККЕН ЖҮРГІЗУШІЛЕР

Жаңа жыл кешінде асыра сілтеп, өзінің де, өзгенің де қауіпсіздігін естен шығарып алған 16 мас жүргізуші құрықталды. Облыстық ішкі істер департаментінің деректеріне сүйенсек, биылғы мейрам күні бұдан бөлек жол ережелерін бұзудың 500-ден астам фактісі тіркелген. (Өз тілшіміз).

МАЛЫМЫЗДЫ ТАУЫП БЕРДІ

Ауыл тұрғындары алдындағы малымен күнін көріп отырғаны бәрімізге белгілі. Сондықтан малдан шығын шықса, көңіліміз жүдеп қалады. Үстіміздегі жылдың 29 қарашасында белгісіз біреулер қорамыздағы қойымызды түгелдей ұрлап әкетті. Лезде жергілікті полицияға арыз жаздық. Аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Жәнібек Байкишев бастаған шұғыл топ іздестіру шарасына кірісіп, бір жарым сағат ішінде малымызды тауып берді. Өтінішімізге сергек …

МАЛЫМЫЗДЫ ТАУЫП БЕРДІ Read More »

БІР ЦЕНТНЕР ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Қырғызстан Республикасының азаматы 100 килограмнан астам есірткімен ұсталды. Күдікті облыс орталығының Интернационал және Астана көшелерінің қиылысында құрықталған. Полицейлер “Isuzu Ascender” маркалы автокөлігін тексеру кезінде қырғыз азаматынан өсімдіктектес зат салынған үш сөмкені тәркіледі. Кейін сот-медициналық сараптамасы сөмке ішіндегі зат кептірілген марихуана екенін анықтады.

НЕЛІКТЕН БІЗ ӨГЕЙМІЗ?

Барған сайын Сергеевкаға, қалаға, Бір ауыр ой артып алам санама. Көше аттары тек орысша жазылған, Қазақшасы жоқ па олардың балама?

АНТЫНА АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ…

Жұрттың бәрі Жаңа жыл қарбаласымен жүргенде, яғни 31 желтоқсан күні облыс орталығында оқыс оқиға орын алды. Мәскеу қысқа көшесі, 1 мекенжайында орналасқан бірқабатты екі пәтерлі жекеменшік тұрғын үйден өрт шығып, біраз адамды әуре-сарсаңға салды. Оқиға орнына күндізгі сағат 2-де жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынмен 12 сағат бойы арпалысты. Өкінішке қарай, құтқару шаралары барысында №5 өрт сөндіру …

АНТЫНА АДАЛ АЗАМАТ ЕДІ… Read More »

ЭНЕРГЕТИКТЕР ИГІЛІГІНЕ

«Солтүстік Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ-да осызаманғы барлық медициналық талаптарға сай жаңа денсаулық қосыны ашылды. Мұнда акционерлік қоғамның ұжымы үшін айтарлықтай жағдай жасалған. Қосын кең де сәулелі кабинеттермен, арнайы құрылғылармен жабдықталған. Әрине, келгендерге сыпайы, биязы және білікті маман дәрігерлер ем-дом жасайды.

“КӨШПЕНДІЛЕРІМЕН” ТАМСАНДЫРҒАН ТАЛАНТ

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл №2 орта мектебінде белгілі жазушы, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған бірегей тұлға Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай әдеби-ғылыми конференция өтіп, шараға ұстаздар және оқушылар қатысты. Конференцияның мақсаты – жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оның шығармаларын насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемінің рухани мол қазынасынан нәр алуға баулу.

“АТАМЕКЕН АТАУЛАРЫ”

Солтүстік Қазақстан этномәдени ғылыми зерттеулер институтының жетекшісі, профессор Зарқын Тайшыбайдың құрастыруымен өңіріміздегі жер-су, елді мекендер атауларын тарихи және этнолингвистикалық тұрғыдан кең ауқымда зерделеген “Атамекен атаулары” атты кітап жарыққа шықты.

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Жыл мәреге таялып, жаңа он екі ай бастау алардан бұрын кітапхана қызметкерлері, әдеттегідей, күнтізбе жасау қамымен назар аударуға лайық оқиғаларды, белгілі тұлғалардың ғұмырына қатысты даталарды жинақтайды. Соған орай біз 2016 жылдың күнтізбесін жасадық. Осы сәтте есімі елімізге танылған ғалым, биология ғылымдарының докторы Серік Жұмағалиұлы Тілеулиннің қаңтардың алтыншы жұлдызында дүниеге келіп, биыл туғанына тоқсан жыл толатынын …

АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ Read More »

ҰЛЫ АРМАНҒА ҰМТЫЛЫС

Еліміздің Тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы экономикалық дағдарыстың қилы кезеңі көппен бірге көрген ұлы тойдай өте шығып, жадымызда бір жайсыз түстей болып қана қалды. Ал осы қамшы сабындай ғана қысқа мерзім – ширек ғасырда қол жеткізген ірілі-ұсақты табыстарымызды ой елегінен өткізіп көрсек, Аллаға тәубе деріміз даусыз. Ең басты жетістігіміз – уақыт сынына шыдамай, ортақ шаңырағы ортасына опырыла …

ҰЛЫ АРМАНҒА ҰМТЫЛЫС Read More »

КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК ЖОҚ

Облыстық тексеру комиссиясы 2015 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуын және Тайынша ауданының аумағын дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау үшін сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізді. Оның барысында 10 нысанға назар аударылып, 3609,2 млн. теңге бақылауға алынды. Соның нәтижесінде жалпы сомасы 449,5 млн.теңгені құрайтын бұзушылыққа жол берілгені белгілі болды. Алдағы уақытта оның …

КЕМШІЛІККЕ КЕҢШІЛІК ЖОҚ Read More »

РОЖДЕСТВОМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстанды “қарашаңырағым”, “ата мекенім” деп аялап өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдеріне құрметпен қарауға, өзара сыйластықта өмір сүруге баулитын діни мерекелердің бірі – Рождество мейрамы. Православие дінінің өкілдері қаңтардың 6-сынан 7-сіне қарағанда әдеттегідей құлшылық ету үшін шіркеуге жиналады. Жылдағы игі дәстүрге сай облыс әкімі Ерік Сұлтанов кеше Вознесение кафедралды соборына арнайы барып, барлық православиеліктерді діни …

РОЖДЕСТВОМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ТОСЫН СЫЙ

Жаңа жыл қарсаңында “Қазпочта” АҚ-ның ұйымдастыруымен “Аяз Атаға хат жаз!” акциясы өткізілді. Оның аясында кез келген адамның балалардың жазған хаттарының ішінен таңдағанын алып, Жаңа жылдан үміт күткен сәби арманын орындауына мүмкіндік туғызылды. Аяз Атаға хат жазған Петропавлдағы балалар ауылының №5 үйінің тәрбиеленушілеріне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыйлығын Аяз Ата табыстады.