Бурятияның бас шаһары – Улан-Удэ қаласында 3 қазан күні бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Құраманың бас бапкері Ерік Алғабек байрақты бәсекеде сынға түсетін спортшылар есімін атады.
Бокстан әлем чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг.), Назым Қызайбай (51 кг.), Дина Жоламан (54 кг.), Айжан Қожабекова (57 кг.), Римма Волосенко (60 кг.), Милана Сафронова (64 кг.), Дариға Шәкімова (69 кг.), Ақерке Бақытжан (75 кг.), Фариза Шолтай (81 кг.) және Дина Исламбекова (81+ кг.) қорғайды.
Аталған спортшылардың барлығы Шымкент қаласында өткен Қазақстан спартакиадасының жеңімпаздары.