«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бөлім бастықтары ауысты

Ішкі істер министрлігінің келісімімен үш ауданда полиция бөлімінің бастықтары ауысты. Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев аудандық полиция бөлімдеріне жаңа тағайындалған жетекшілерін таныстырды.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Марат Әлжанов тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 1999 жылдың тамызынан қызмет істеп келеді. Марат Әлжановтың басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Бес жыл бойы Уәлиханов аудандық полиция бөлімін басқарған. Аудандық бөлімнің бұрынғы бастығы, полиция полковнигі Айдос Ідірісов облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің бастығы болып полиция подполковнигі Руслан Әліжанов тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 2001 жылдың қарашасынан қызмет істейді. Руслан Зайниденұлы жұмыс барысында өзін адал, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Бұған дейін Уәлиханов аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары болған.

Полиция полковнигі Марат Серкешев Айыртау аудандық полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Ол ішкі істер органдарында 1994 жылдың тамызынан бастап қызмет атқарады. Басшылық лауазымдарда тәжірибесі мол. Бұл лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық аппараттағы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары болды.

Облыстық полиция ведомствосының бастығы тағайындалған жаңа басшыларды аудан әкімдері мен активке таныстырды. Полиция бөлімінің жеке құрамының қатысуымен жаңа басшылардың алдына міндеттер қойылды. Бұл міндеттер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” Жолдауының бағыттарымен үндес. “Қазір облыс аудандарында орақ науқаны қызу өтуде, диқандарға жан-жақты көмек көрсету – тәртіп сақшыларының міндеті. Бөлімдердің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту керек”, – деді Марат Төлебаев.

Бұл жиындарға қатысқан аудан әкімдері Қайрат Пішенбаев, Ағзам Тастеміров және Дархан Әмірин жаңа тағайындалған бастықтарға құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қолдау көрсететіндерін айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp