«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БIЛIМДI ҰРПАҚ — БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерекесi әрбiр қазақстандық азаматтың патриоттық сезiмiн оятып, көңiлiне қуаныш нұрын себетіні анық. Облыс орталығындағы “БЭСТ” гимназиясының ұстаздары да Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерекесiн лайықты қарсы алды.

Ең алдымен бiлiм мен тәрбие берудегi көрсеткiштердi көтерудi мақсат етiп қойған мектеп ұжымы “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” атты жұлдызды 25 күн акциясы аясында түрлi тақырыптық iс-шаралар өткізді. Осы орайда, мектеп қабырғасында “Бірлік. Тәуелсіздік. Даму” акциясы, “Конституция – Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы” “дөңгелек үстелі”, “Елдің асыл тірегі – Ата Заң” атты ашық тәрбие сағаты, “Мемлекеттік тіл – менің тілім” және “Тіл – Тәуелсіздік тірегі” ашық сабақтары сияқты шаралар ұйымдастырылды.

Мектебімізде “Тәуелсіздік жолы – нұрлы жол” тақырыбында шығармалар сайысы өтті. Қазақстанның тарихы туралы зердемiздi қайта парақтап, жаңаша ой түйiндеу, жас ұрпақты отансүйгiштiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында өткен іс-шараларға оқушылар белсене қатысты.

Мерекелік шаралар барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ерліктерін, қол жеткізген жетістіктерін саралап, ойларымен бөлісті.

Қымбат НҰРМАҒАМБЕТОВА,

“БЭСТ” гимназиясының қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp