«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.12.2016

Ұлтымыздың ұлы мерекесі

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен “Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи жолы” атты ғылыми-тәжірибелік конференция Мемлекеттік Әнұран орындаудан басталды. Онда облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Кемел Оспанов, “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Елена Балло, білім басқармасының басшысы Шолпан Каринова, Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Нұрғали Елшібеков жастарды мемлекет Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесімен құттықтап, …

Ұлтымыздың ұлы мерекесі Read More »

Жомарт жандардың көмегі

Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық (түзету) мектеп-интернатында мектепке дейінгі балғындар үшін арнайы жабдықталған коррекциялық ырғақ кабинеті ашылды. Бұл кабинетті ашу сурдопедагог мамандардың көптен бергі арманы еді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында кішкентай бүлдіршіндердің тағдырына бейжай қарамайтын қайырымды жандардың арқасында сол арман іске асты.

ЗЕРТТЕУДІҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ

Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін енгізуде тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбие басты назарда. Әлем тәжірибесіне сүйене отырып, TIMSS, PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы құрылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты …

ЗЕРТТЕУДІҢ ОҢ НӘТИЖЕСІ Read More »

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Тәуелсіздік толғауы” деген еңбегінде Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі, Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі екенін атап өткен еді.

КӨРМЕГЕ ЕРІКТІ БОЛЫП ҚАТЫСАМЫН

2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін елордада халықаралық “ЭКСПО – 2017” көрмесі өтеді. Бұл шара ел мәртебесін бұрынғыдан да биіктете түсері сөзсіз. Еліміз үшін инфрақұрылым жобаларының рөлі маңызды. Мейманханалар мен мейрамханалардың, ойын-сауық орындарының салынуы еліміздегі туризм мен кәсіпкерліктің дамуына серпін берсе, бұл жергілікті экономика мен индустрияның нығаюына түрткі болмақ.

СӘКЕННІҢ ҚЫЗЫЛЖАРДА БОЛҒАН СӘТТЕРІ

Сәкен Сейфуллин небары 43-ақ жыл жасаған өзінің аз ғана ғұмырында Қазақстанның бірталай қалаларына арнайы сапар шегіп, әсіресе, өз ұлтының, яғни, қазақ халқының әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсарту жолында аянбай еңбек етті. Ол біздің Қызылжар қаласына да түрлі себептермен әлденеше рет атбасын тіреген екен.

ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙТІН ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕДІК

Қазақстанның кеңестік тоқырау заманының шырмауынан босап, егеменді ел болып қалыптасу кезеңі – бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің өмір белесі. Екі түрлі қоғамдық қауымдастықтың куәгері болған замандастарымның ата-баба аңсаған Тәуелсіздік таңын әрі қарай нұрландыра түсу үшін талай қиындықты еңсеріп, сондағы ертегіні шындыққа айналдыру үшін қаншама маңдай тер төккенін өзім де солардың ортасында жүргендіктен, жақсы білемін. Ел Тәуелсіздігі …

ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕЙТІН ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕДІК Read More »

БЕСІК ЖЫРЫНАН НЕГЕ БЕЗЕМІЗ?

“Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Көк ала иттің құйрығын Жіпке тағып берейін”. Бұл ән халық арасында кең тараған. Қазақ кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, қоғам, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің осы өлеңін бүгінде алдыңғы толқын – ағалар жақсы біледі десек, қателеспейміз. Өйткені, әжелеріміз бір кезде бөпелерін бесікке …

БЕСІК ЖЫРЫНАН НЕГЕ БЕЗЕМІЗ? Read More »

МЕН АТАМДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Менің атам Қажымұрат Үмітбаев Жамбыл ауданындағы Баян ауылында туған. Еңбекке шыңдалып өскен атамыз жас кезінде механизатор болған екен. Ол елімізде “Құрмет белгісі” орденін алған алғашқы азаматтардың бірі. Көп жылдар бойы кеңшар төрағасы болып қызмет еткен атамыз кеңпейіл, сабырлы мінезімен ерекшеленген.

АНАНЫҢ ЕРЛІГІ

Өмір сыйлаған ана үшін баладан қымбат жан жоқ. Қандай ана болсын өз перзенті үшін отқа да, суға да түсуге дайын тұрады. Өз балалары үшін ажалға да қарсы тұра білген асыл жандар жайында сөз қозғағанда Шал ақын ауданының орталығы – Сергеевка қаласында тұрған Самал Ахметова есімді қазақтың қарапайым әйелі еске оралады.

Жақсылық жан жадыратады

Мен Мамлют ауданындағы Бостандық ауылында тұрамын. Ауыл тірлігі кімге болса да белгілі. Жаздың соңғы айларынан бастап қыстың қамына кірісіп кетеміз. Отын-шөп, жемазықты дайындау оңай емес. Ал әйел адамға тіпті қиын. Қолымдағы жалғыз ұлым мүгедек. Туғаннан денсаулығы жоқ. Үйдің де, түздің де жұмысы өз мойнымда. Сондықтан қылышын сүйреткен қыс жақындағанда менде дегбір қалмайды. Суық күндері онсыз …

Жақсылық жан жадыратады Read More »

АЯЛЫ АЛАҚАННЫҢ ЖЫЛУЫ

“Шаңырақ” айқармасына Петропавл қаласының тұрғыны Бижамал Кәрімовадан хат келді. Оқырманымыз жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедек жандарға қашанда көмек қолын созуға дайын тұратын кеңпейілді, мейірімді жандардың жақсылығына ризашылығын білдірген екен.

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ

  Тәуелсіздік – тәңір сыйы. Еліміз егемендік алғалы 25 жыл болды. Төбеміз көкке жеткен 1991 жылы елімізде қаншама жас шаңырақ бой көтерді. Олар – өз алдына тәуелсіз отбасы, мемлекет байлығы. Отбасы бақытты болуы үшін ерлі-зайыптының болмысы бүтін, екеуі де иманды, ибалы, ұқыпты, ағайын-туғанға қайырымды, бір-біріне бауырмал, мейірбандылығымен, парасаттылығымен ерекшеленуі керек. Осындай толыққанды жарасымды жұп отбасын …

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ Read More »

ӨТКЕН КҮНДЕ БЕЛГІ БАР Академик Жабайхан Әбділдинмен сұхбат

(Басы өткен сандарда). Бұл сол кезде Қазақстанды былай қойғанда, одақта да әлі толық зерттеліп болмаған тақырып еді. Сондықтан көп ізденуге тура келді. Аристотельді, Платонды, Гегель мен Кантты түбегейлі оқу керек болды. Үлкен философияның негіздері, міне, осыларда еді. Бұларды оқу деген – адамзаттың рухани дүниесінен сусындайсың деген сөз.

7 ЖЫЛ, 9 АЙ, 22 КҮН Осынша уақыт боцы қудалау мен сергелдеңге түсіп, қаншама азапты кезеңді басынан өткерсе де, азаматтық тұлғасына мін түсірмеген әскери журналист Боташ Қажымовтың айтары аз емес

СЫЗЫ ЖАТЫР СОЛ КЕЗДЕГІ САЛҚЫННЫҢ… – Боташ, желтоқсанның ызғарлы кездері қайда болдың? – Степногорск қаласындағы №6636 әскери бөлімшеде прапорщик болып қызмет атқаратынмын. Бір жағынан, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқитынмын. Жас кезімізде қазақтың батыр ұлдары Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев секілді ағалардай болуды армандаушы едік. Сөйтіп жүргенде дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан көтерілісі …

7 ЖЫЛ, 9 АЙ, 22 КҮН Осынша уақыт боцы қудалау мен сергелдеңге түсіп, қаншама азапты кезеңді басынан өткерсе де, азаматтық тұлғасына мін түсірмеген әскери журналист Боташ Қажымовтың айтары аз емес Read More »

ДАМУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ

Елбасының мемлекетіміздің келешегі жастардың білікті білім алып, тәжірибе толықтырып, халыққа қызмет етуіне барлық жағдайды жасап отырғандығы баршамызға белгілі. Осындай қамқорлық шапағатына бөленіп отырған азаматтардың бірі өзіммін.

БIЛIМДI ҰРПАҚ — БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ

Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдық мерекесi әрбiр қазақстандық азаматтың патриоттық сезiмiн оятып, көңiлiне қуаныш нұрын себетіні анық. Облыс орталығындағы “БЭСТ” гимназиясының ұстаздары да Тәуелсiздiктiң 25 жылдық мерекесiн лайықты қарсы алды.

БІРЛІГІ МЫҚТЫ ЕЛ ОЗАР

Өңірімізде “Арго” грузин этномәдени бірлестігі құрылды. Достық үйінің 25-ші этномәдени бірлестігінің құрылуы Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының “Үлкен ел – үлкен отбасы” форумында салтанатты түрде жарияланды.

ӘРҚАШАН — САПТА

Қазақ жері, Қазақстан елі үшін 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздіктің таңы атты. Бұл оқиғаның маңызды қадам екендігін әрбір қазақстандық жүрегімен түсінді. Осы күннен мәдени дәстүрлер мен ұлттық сананың жандануы басталды. Қазақстан өзін әлемдік аренада конституциялық қағидаларға, азаматтардың құқықтары мен еркіндігіне негізделген, құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде жариялады.