«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

11 қараша күні Талдықорғанда волейболдан әйелдер командалары арасында ел біріншілігі басталды. Содан бері жергілікті «Қуаныш» командасы жанкүйерлерін үш рет қуантты.

Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен осымен 29-шы рет ұйымдастырылып отырған додаға Ұлттық лига шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, сайыс барысында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған сегіз команда бақ сынауда. 19 қарашаға дейін созылатын біріншілік аясында жергілікті «Қуаныш» командасы үш кездесу өткізіп үлгерді. Бәсекенің алғашқы күні жерлес волейболшылар «Алматы» командасының спортшыларымен сайысқа түсіп, жеңіске жетті. Екінші күні өскемендік «Алтай-2» құрамасын ұтса, үшінші күні «Қарағанды» командасын қапы қалдырды. Ертең жерлестеріміз талдықорғандық «Жетісу» құрамасымен бақ сынасады. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp