М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өңірлік географияны зерттеу әдістемесі, картография және атлас жасау мәселелері қозғалған халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Шараға Нұр-Сұлтан қаласынан, Молдова Республикасынан келген география пәнінің мұғалімдері, СҚМУ-дің магистранттары мен студенттері қатысты.
Молдованың Кишинев қаласынан келген профессор Дорин Лозовану қазіргі таңда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша жергілікті жоғары оқу орнында сабақ беруде. Оның ойынша, экологиялық-географиялық білім беруде халықаралық тәжірибеге сүйенудің маңызы зор.
Семинарда өңірлік мамандарға жергілікті географиядағы өзекті мәселелерге жаңаша көзқараспен бағалауға мүмкіндік беретін картографияны дамыту мәселелері талқыланды.
www.nkzu.kz