Ауыл шаруашылығы басқармасының 30 мамырдағы жедел мәліметіне қарағанда, облыс бойынша 3,3 миллион гектар алқапқа жазғы дақылдар себілді, бұл – жоспардың 81,4 пайызы. Дәнді дақылдар 2,7 миллион гектарға немесе жоспарланғанның 80 пайызына орналастырылды. Бүгінгі күні Қызылжар (86%), Шал ақын (84,5%), Ғ.Мүсірепов атындағы (84,1%) аудандар көш бастап келеді. Майлы дақылдар 521,1 мың гектарға егілді немесе 101 пайыз. Ақжар (148%), Мамлют (121%), Тимирязев (119%) аудандары белгіленген жоспарды артығымен орындады. Биыл 125 мың гектар жерге жемазықтық -себілуге тиіс. Атқарылғаны – 70,1 мың гектар немесе 56,2 пайыз.
Есепті кезеңде 27,7 мың гектар алқапқа картоп (100%), 5,2 мың гектарға көкөніс (98,3%) отырғызылды.